22 Қазан, 2013

Жол саласы жолға қойылады

247 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде дәстүрлі брифинг өтті. Брифингтің бұл жолғы тақырыбы Мемлекет басшысының үстіміздегі жылдың 11 қазанында Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларының орындалу барысына арналды. Басқосудың бұл жолғы қонағы Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев болды.

 

Кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде дәстүрлі брифинг өтті. Брифингтің бұл жолғы тақырыбы Мемлекет басшысының үстіміздегі жылдың 11 қазанында Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларының орындалу барысына арналды. Басқосудың бұл жолғы қонағы Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев болды.

«Өздеріңізге белгілі Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы жол саласына қатысты әділ сын айтқан болатын. Қазіргі таңда жол саласында бірнеше проблемалар бар. Еліміздегі жалпы жолдардың 33 пайызы нашар деп айтуға болады. Олардың жөндеу жұмыстарының сапасын жақсарту керек. Ауыр жүк көліктері жолдарды бұзып жатыр. Осы мәселелерді шешу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарудамыз», деді Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев.

Жалпы министрлік биыл 5898 шақырым жолға жөндеу жұмыстарын жүргізген. Сонымен бірге, Батыс Қытай – Батыс Еуропа жолында да қарқынды жұмыстар атқарылуда екен. Биыл жос­пар бойынша 806 шақырымы салыну керек болса, бүгінгі таң­да соның 710 шақырымы салын­ған. Министр қалған жол шақы­рым­дарының жыл соңына дейін біте­тіндігіне үмітті екенін жеткізді.

Президент тапсырмасымен Астана – Павлодар, Астана –Темір­тау, Алматы – Қапшағай учас­ке­лерінде құрылыс жұмыс­тары бас­талып кеткен. Жаңа тех­ноло­гияларға арналған 40 эксперименталды учаске бар. Мемлекет басшысы айтқан монолитті темір-бетон технологиясы қазір сынақтан өтіп жатыр. Қанатқақты жоба жақ­сы нәтиже көрсетуде.

«Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және бақылауды күшейту мақсатында басқару құрылымын өзгертіп, халықаралық сапа стан­дартын енгіздік. Құрылыс сапа­сын ФИДИК шарттарына сәй­кес бақылауда ұстап отырмыз. Автомобиль жолдарын бас­қа­рудың автоматтандырылған жүйе­сін әзірлеудеміз. Жүргізушілер мұндай режимде жолдың сапасын көре алады және өзінің маршрутын өзі жоспарлайтын болады», деді ол.

11 қазанда өткен Үкіметтің кеңей­тілген отырысында Прези­дент Нұрсұлтан Назарбаев құры­лыс саласында жаңа техноло­гия­лар енгізу есебінен күрделі шы­ғындарды арзандату әрі сапасын арттыру бойынша жұмыстардың нашарлығын сынаған-ды. Бұл ретте министр Мемлекет басшысы айтқан жаңа технологияларға қатысты жұмыстардың жүргізіліп жатқандығын баяндап берді.

Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар