Қоғам • 22 Қазан, 2013

Сот жүйесінің беделін көтеру керек

330 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еліміздің Жоғарғы Сот Төрағасы болып қайта тағайындалған Қайрат Мәми жоғары сот органының алқа төрағаларымен, судьяларымен және аппарат басшылығымен алғашқы жұмыс кеңесін өткізді.

 

Еліміздің Жоғарғы Сот Төрағасы болып қайта тағайындалған Қайрат Мәми жоғары сот органының алқа төрағаларымен, судьяларымен және аппарат басшылығымен алғашқы жұмыс кеңесін өткізді.

Осыған орай күн тәртібінде бірнеше маңызды мәселе белгіленді, деп бізге хабарлаған Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі, бірінші кезекте Жоғарғы Соттың Төрағасы сот жүйесінің қазіргі жай-күйіне және Мемлекет басшысы бірнеше рет айтқан, кезек күттірмей шешімін талап ететін проблемаларға назар аударған.

Мәселен, ұйымдастырушылық және функционалды шаралардың тұтас кешенін шұғыл әзірлеп, жүзеге асыру қажет, олардың басты мақсаты – сот жүйесінің имиджін көтеру, азаматтардың соттарға деген жоғалған сенімін қайтару, қоғамның үмітіне сәйкес сот төрелігінің тиімділігін түбегейлі көтеру, – деп атап өткен Қ.Мәми. Конституциялық нормаларға сәйкес судьяның мәртебесін түбегейлі нығайту, артық әкімшілендіруден бас тарту және сот төрелігін жүзеге асыру процесіне қандай да бір болсын қолсұғушылықты болдырмау керектігін алға тартты. Осыған орай Жоғарғы Соттың қадағалаушы алқаларының төрағаларына алдарына қойылған міндеттерді іске асыруға бағытталған бағдарламалық ұсыныстарды дайындау бойын­ша нақты нұсқаулар берілді.

Кеңесте қаралған басқа да маңызды мәселе Қазақстан судья­ларының VI съезіне дайындық барысы болды. Қ.Мәми бұл бағыттағы жұмысты жандандыруды тапсырды: шұғыл арнайы комиссияны құру, алдағы форумның тұжырымдамасын анықтау, съезде талқылауға жататын басты бағыттардың шеңберін нақтылау және алдағы нақты міндеттерді белгілеу.

Кадр саясаты туралы айта келе, Жоғарғы Соттың Төрағасы түрлі орын ауыстырулар мен қайта тағайын­даулар туралы әңгімелерді бірден жоққа шығарды. Қ.Мәми аппарат­тың барлық қызметкерлері функ­цио­­налдық міндеттеріне сәйкес өз лауазымдарында қал­дырыла­тындығына сендірді. Ұйымдастыру-штат құрылымын одан әрі жетіл­діруге қатысты бұл процесс, Жоғар­ғы Сот Төрағасының айтуынша, қажеттіліктің туындауына байланыс­ты жүзеге асырылатын болады.

Александр ТАСБОЛАТОВ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар