Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолланың айтуынша, қандастардың басым бөлігі бұрын Өзбекстан Республикасында тұрған екен. Көршілес елден 35 адамы бар 25 отбасы оралды. Қытайдан сегіз отбасы, құрамында 10 адам, ал Украинадан екі отбасының екі адамы атажұртты сағына жетті.
– Атырауға көшіп келген қандастардың «Оралман мәртебесін беру туралы» өтініші Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы түсті. Олардың құжаттары қаралып, оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылданды. Қазір қандастарымыздың бәрі облыстағы қала мен аудандарға орналасты, – деді Серік Қамидолла.
АТЫРАУ