"Қабанбай батыр даңғылы мен Мәңгілік Ел арасында орналасқан мешіттің құрылыс барысымен таныстым. Сыйымдылығы 30 мың адамға есептелген. Бұл мешіт – еліміз бен Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт. Құрылыс Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес түрік компаниясының демеушілік қаражаты есебінен жүргізіліп жатыр. Өз тарапымыздан инженерлік желілер мен коммуникацияларды тарту бойынша жұмыстар жүргіземіз. Алаңдардағы құрылыс жұмыстары санитария нормаларын қатаң сақтай отырып жүргізілуі тиіс", – деп жазды Алтай Көлгінов.
Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтанда салынып жатқан республикадағы және Орталық Азиядағы ең үлкен мешітке барды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты әкімнің Instagram парақшасына сілтеме жасап.
Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Кеше
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Кеше
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Кеше
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Кеше