Елорда • 04 Тамыз, 2020

Елордада әлеуметтік тұрғын үй құрылысы басталды

19 рет көрсетілді

Қала әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік тұрғын үй кешендерінің құрылысымен танысты. Бұл туралы елорда әкімінің Instagram парақшасына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

"Пригородный" елді мекенінде 100 пәтерлік екі әлеуметтік тұрғын үй кешені салынып жатыр. Бүгін құрылыс барысымен таныстым. Үйлерді биыл тапсырамыз. Оның жанында балабақша, мектеп бар. Шағын ауданда қоғамдық көлік қатынайтын жолдар салынды. Өткен жылы елді мекенде 800 орындық мектеп және "Аспан" спорт кешені ашылды. Аула алаңдары абаттандырылды. Бүгін "Пригородный" елді-мекеніндегі бірқатар аудандарды араладым. Тұрғындар жарықтандыру, кәріз жүйесі, жолдарды жөндеу бойынша бірқатар мәселені көтерді", дейді А.Көлгінов.

Елорда әкімінің айтуынша, екі ауданда екі ірі аула алаңының құрылысы жүргізіліп жатыр. Барлық жастағы тұрғындардың мүдделері ескеріледі: ашық ауада демалу үшін де, тыныш уақыт өткізу үшін де алаңдар болады. Сонымен бірге жарықтандыру, жол салу, кәріз мәселелерін шешу және т.б. бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қалада барлығы 280 мың адам тұратын 16 елді мекен бар екенін қоса кетті.

"Бұл — елорда халқының төрттен бір бөлігі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес барлық елді-мекендерді дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз. Әрқайсысы бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары әзірленді. Мектептер, медициналық орталықтар, әлеуметтік тұрғын үйлер, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, жолдар, канализациялар және т.б. салынады", деп жазды Алтай Көлгінов.

Соңғы жаңалықтар

Мұрағаттар мұң шағады

Әдебиет • Бүгін, 19:50

Тарихи нысандар жаңғыртылуда

Қазақстан • Бүгін, 13:05

"Balapan" телеарнасына - 10 жыл

Қазақстан • Бүгін, 11:00

Бүгін – Еңбек күні

Қазақстан • Бүгін, 09:20

Шектен шыққан ахуал жоқ

Аймақтар • Кеше

Атырауда егіз ұл аман-есен табылды

Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2020

Ұқсас жаңалықтар