Әлем • 04 Тамыз, 2020

Қазақстан мен Сауд Арабиясы екі елдің ынтымақтастық болашағын талқылады

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сауд тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Сауд Арабиясы Корольдігінің Сыртқы істер министрі ханзада Фейсал бен Фархан Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті.

Қазақстан мен Сауд Арабиясы екі елдің ынтымақтастық болашағын талқылады

Сұхбат барысында Қазақстан – Сауд Арабиясы ынтымақтастығының өзекті мәселелері мен екі елдің халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылы талқыланды.

Тараптар мемлекетаралық қарым-қатынастардың барлық спектрі бойынша өзара тиімді әріптестікті одан әрі нығайтуға дайындығын растады.