04 Тамыз, 2020

Қордай қақтығысында ұсталғандардың жайы не болады?

966 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысының Қордай ауданында орын алған қақтығысқа қатысы бар деген күдікпен біраз адам ұсталған болатын,  деп жазады Egemen.kz

Қордай қақтығысында ұсталғандардың жайы не болады?

Жуырда Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ұсталғандардың ата-аналары және туыстарымен кезекті рет кездесті.

  Әкім ұсталғандардың туыстарының барлық өтініштерін мұқият тыңдады. Сондай-ақ, олардың ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын және прокуратура, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдармен қаралатынын айтты. Ол барлық өзекті мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында шешілуі тиіс екендігін жеткізді. «Біз болған қайғылы оқиғалар 11 адамның өліміне әкеліп соқтырғанын, 200-ге жуық адам жарақат алғанын, азаматтарымыздың мүлкі зардап шеккенін ұмытпауымыз керек. Сіздердің барлық өтініштеріңіз қаралады. Ұсталғандармен кездесулер мен телефон арқылы сөйлесулер ұйымдастырылады. Құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын аяқтады. Ол материалдармен тараптар таныстырылуы керек. Заңды бұзған және олардың кінәсі дәлелденген адамдардың бәрі жазалануы қажет екенін тағы да айтқым келеді. Барлығы заң бойынша болуы керек. Бұл мәселе Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке бақылауында», деді Бердібек Сапарбаев.