2020 жылғы 3 тамызда Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Салалық мәселелер жөніндегі кеңестің кезекті отырысын өткізді.
Жиын барысында жер қойнауын пайдалануға берілген келісімдердің мерзімін ұзарту, жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың жеткізушілерінің қатты пайдалы қазбаларды өндіру бойынша операциялар өткізуде қолданылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу тәртібін жетілдіру жайы қаралды.
Көлік саласына қатысты көліктік бақылау тіректерінің жұмысын ұйымдастыру мәселесі қарастырылды. Сондай-ақ, еңбек өнімділігін арттыруға және өңірлік кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау мәселелері талқыланды.
Оған қоса Кеңес отырысында нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған бірқатар толықтырулар мақұлданды. Аталған мәселелер Министрлік деңгейінде тиісті нормативтік құқықтық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу арқылы іске асырылады.
Барлық жаңалықтармен әрі қарай мақұлданған жағдайда мүдделі тараптар заңнамаға сәйкес таныса алады. Барлық нормативтік құқықтық актілер қоғамдық талқылау үшін жарияланады.