Қазақстан • 04 Тамыз, 2020

Ливандағы жарылыстан Қазақстан елшілігінің ғимараты үгіндінің астында қалды

3438 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бейруттағы теңіз портында жарылыс болды. Бұл туралы Сыртқы істерминистрлігіне сілтеме жасай  отырып Egemen.kz хабарлайды. 

Ливандағы жарылыстан Қазақстан елшілігінің ғимараты үгіндінің астында қалды

Ливандағы қазақстандық дипломаттардың ақпараты бойынша, ағымдағы жылғы 4 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00 шамасында Бейруттағы теңіз портының базасында бірнеше қатты жарылыс болды.

1Жақын маңда орналасқан үйлерде, сондай-ақ жарылыс эпицентрінен бірнеше шақырым жерде орналасқан ғимараттарда терезелері шағылды.

Жергілікті биліктің алдын ала ақпараты бойынша, теңіз портында пиротехникасы бар кеме жарылған. Жарылыс салдарынан Ливандағы ҚР дипломатиялық миссиясының ғимаратына зиян келтірді.

2

Жарылыс кезінде дипломатиялық миссияның қызметкерлері жұмыс күні аяқталғаннан кейін жұмыс орнынан кетіп қалған. Консул жұмыста қалған болатын және жарылыс толқыны салдарынан жеңіл жарақат алды.

Біздің дипломаттар жергілікті билік органдарымен жедел байланыста, Ливандағы Қазақстан Республикасы азаматтарының жағдайы туралы ақпарат тексерілуде.