Қазақстан • 05 Тамыз, 2020

Ливандағы ҚР дипломатиялық миссиясының консулы жарақат алды

446 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ливандағы ҚР дипломатиялық миссиясының консулы жеңіл жарақат алды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Ливандағы ҚР дипломатиялық миссиясының консулы жарақат алды

"Жарылыс кезінде дипломатиялық миссияның қызметкерлері жұмыс күні аяқталғаннан кейін жұмыс орнынан кетіп қалған. Консул жұмыста қалған болатын және жарылыс толқыны салдарынан жеңіл жарақат алды", делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарланғандай, Ливандағы жарылыс салдарынан Қазақстанның дипломатиялық миссиясы ғимаратына зиян келді. Ливандағы қазақстандық дипломаттардың ақпараты бойынша, ағымдағы жылғы 4 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00 шамасында Бейруттағы теңіз портының базасында бірнеше жойқын жарылыс болды.

Жақын маңда орналасқан үйлерде, сондай-ақ жарылыс эпицентрінен бірнеше шақырым жерде орналасқан ғимараттарың терезелері шағылған.