Қоғам • 05 Тамыз, 2020

10 адамды құтқарып қалған қазақ жігіті марапатталды

589 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дәл осындай тақырыппен The Korea Times басылымы отандасымыз жайлы ақпарат таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

10 адамды құтқарып қалған қазақ жігіті марапатталды

Естеріңізде болса, 2020 жылдың 23 наурыз күні Оңтүстік Кореяда жүрген 28 жастағы қазақстандық Алиакбар Юлдашев өртеніп жатқан ғимараттан адамдарды құтқару үшін өз өмірін қатерге тіккен болатын.

Отқа оранған жатақхана тұрғындарын ұйқысынан оятып, бөлме терезелерін ашу үшін жанталаса жүгірген оның денесін күйік шалған. Соған қарамастан ол 10 адамды ажалдан аман алып қалды.  

Міне, сол ерлігі үшін отандасымыз марапатталып отыр. Кәрістер арасында «Али» деген атпен танымал болып кеткен жерлесімізге тиесілі награданы Канвондо провинциясындағы Янъян округінің өкілі Ким Цзин-Ха табыстады.

Сол оқиғадан кейін Алиакбардың шет елде заңсыз жұмыс істеп жүргені анықталып, жер аударылуға шақ қалды. Дегенмен жанкешті әрекетіне сүйсінген көпшілік арнайы петиция жазып, оның елде қалуына ықпал еткен.  Сондай-ақ оған Оңтүстік Кореяда өрт сөндіруші болып жұмыс істеуге ұсыныс түскен.