Аймақтар • 05 Тамыз, 2020

Ұзақ салынған құрылыстар бойынша қандай жұмыстар атқарылуда

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алтай Көлгінов елордадағы әрбір үлестік құрылыс нысаны соңына дейін салынады деп сөз берді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Ұзақ салынған құрылыстар бойынша қандай жұмыстар атқарылуда

Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың бір бөлігі инженерлік желілер мен коммуникациялар, жолдар, жарықтандыру, әлеуметтік нысандар және т.б. жоқ аудандарда орналасқан, деп жазды қала әкімі Алтай Көлгінов өзінің инстаграм парақшасында.

“Құрылыс жұмыстарымен бірге нысанды барлық желілерге қосу бойынша жұмыстар да жүргізіледі. Сондай-ақ, елді-мекенге қарасты аумақ құрылысын салуды жоспарлап отырмыз. Әдетте, құрылысы ұзаққа созылған нысандардағы мысал үшін бір пәтер екі-үш адамға сатылып кетеді. Ондай жерлерге инвесторлар келгісі келмейді. Біз соларға тартымды болуы үшін донор-учаскелер ұсынамыз. Бүгінгі таңертеңгілік аралау кезінде "Хазар" (Загреб), "Куршавель", "Талисман" нысандарының құрылыс барысымен таныстым. Оларда донор-нысандар бар”,- деді А.Көлгінов.

Әкімнің айтуынша, "Куршавель" тұрғын үй кешені бойынша барлық құжаттар дайындалған, оның ішінде тірек конструкцияларын нығайту бойынша құжаттар да бар. Енді нысан құрылысын жалғастыруға қаржы бөлуге болады.

“”Хазар” (Загреб), "Талисман" кешендерінде құрылыс жұмыстары белсенді жүріп жатыр. "Хазар" ТК (Загреб) перспективалы ауданда орналасқан. "Талисман" кешенін қаламен қосу үшін көпір құрылысы бойынша жұмыстар аяқталуда, тұрғындарға қоныстандыру кезінде жұмысқа бару оңайырақ болады және т. б. Әрбір үлестік құрылыс нысаны аяқталады”,- деп атап өтті Алтай Көлгінов.