Аймақтар • 06 Тамыз, 2020

Мұнайшы сыйлаған жәдігер

399 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Ембімұнайгаз» АҚ-ның департамент директоры Рауан Сабыров бала кезінен тарихи жәдігерлерге қызығушылық танытыпты. Ойын баласы болса да, ғасырлар қойнауынан сыр шертер құнды жәдігерлерді жинай беріпті. Жақында өз қорында сақталған сондай жүзге жуық жәдігерді «Хан ордалы Сарайшық» музей кешеніне сыйға тартты.

Мұнайшы сыйлаған жәдігер

Музей қызметкерлері ойылған таңбалар бейнеленген қыш ыдыс, құмыра, кездік, қола жебе секілді жәдігерлерді біздің заманымызға дейінгі IV-VI ғасырлардағы сарматтар дәуіріне жатқызады.

–  Балалық шағым Қызылқоға ауданында өтті. Сол кезде ба­лалар құм арасынан тауып алған жебелерді қолдан жа­салған садаққа қадап, ойнап жүр­генін талай көрдім. Тарихи жәді­герлерге қызығушылығымды қа­лып­тастырған, сыры кетсе де, сыны кетпеген мұндай құнды жәдігерлер ауылдағы үйімізде көп еді. Осыдан бірнеше ай бұрын «Хан ордалы Сарайшық» музей кешеніне келгенім бар. Сонда мұндағы жәдігерлердің көпшілігін елордадағы музейге алып кеткенін естідім. Сол себептен, үйдегі коллекциямды қазақстандықтар мен ел қонақ­тары көптеп келетін осы музей кешеніне тапсыруды ұйғардым, – дейді Рауан Сабиров.

«Хан ордалы Сарайшық» музей кешені қызметкерлерінің айтуынша, сармат дәуіріндегі жәдігерлер – өте сирек кездесетін қазына. Сондай-ақ музей түркі тектес және қазақтың қолданбалы мәдениетінің жәдігерлерімен толықты. Отандық мұнайшы Рауан Сабыров музей кешенінің аумағына тігілген киіз үйді бе­зен­діруге арналған түлкі те­рісін де қоса сыйға тартты. Айт­пақ­шы, мұнайшы жігіт тарихи геологиялық карталарды, ми­не­ралды асыл тастарды да жи­нап жүр. Оның бұл қадамы «Ембімұнайгаз» АҚ-ның бас кеңсесінде көне тарихтан сыр шер­тетін геологиялық музей ашу­ға себеп болыпты.

 

Атырау облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше