Қазақстан • 06 Тамыз, 2020

Швейцария Елшісі Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтады

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Швейцарияның Қазақстандағы Елшісі Урс Шмидті еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады, - деп хабарлайды Egemen.kz

Швейцария Елшісі Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтады

Кездесуде Министр ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы мен Швейцария Конфедерациясы арасындағы екіжақты қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін У. Шмидке ІІ дәрежелі "Достық" орденін табыс етті.

Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Елшіге жоғары деңгейдегі байланыстарды қарқындату мен екі ел арасындағы сындарлы және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтугебағытталған белсенді қызметі үшін алғыс айтты.

Өз кезегінде Елші саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық мәселелердің барлық спектрі бойынша берік және үйлесімді екі жақты қарым-қатынастардың одан әрі дамитынына сенім білдірді.