Аймақтар • 06 Тамыз, 2020

Есіл ауданында 20 заманауи ойын алаңы салынады

454 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биыл Нұр-Сұлтан қаласындағы Есіл ауданында 20 заманауи ойын алаңы салынады, - деп хабарлайды Egemen.kz

Есіл ауданында 20 заманауи ойын алаңы салынады

"Біздің жаңа алаңдарымыз барлық стандарттарға сәйкес келеді. Абаттандыру кезінде қолданылатын барлық материалдар сертификатталған. Спорт алаңдарында резеңке жабын, шағын сәулеттік формалар, жаттығу кешендері орнатылды. Егер аула алаңы мүмкіндік берсе, біз футбол, волейбол, баскетбол алаңдарын саламыз. Шағын сәулеттік нысандарды орнатқан кезде жарақат алудан сақтану үшін жеке қауіпсіздік аймағы ескеріледі", - деді аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ауқымды жұмыстар тек КТК аулаларында ғана емес, сонымен қатар қоғамдық орындарда да жүргізілуде.

"Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында ауданда бес қоғамдық орын абаттандырылуда: елорданың орталық саябағы, Есіл өзенінің жағалауы, Есіл өзенінің жағасындағы саябақ, Үркер және Пригородный тұрғын алабында. Елорданың орталық саябағында work out кешені бар үлкен аймақты абаттандыру, стритбол алаңын ретке келтіру жұмыстары аяқталды. Ұзындығы 3,5 км жүгіру жолының жарақаттан қорғайтын резеңке жабындысы ауыстырылды. Сондай-ақ, саябақта йога, жекпе-жек және т.б. жаттығуларға арналған арнайы аймақтар бар. Сонымен қатар Есіл өзенінің жағалауында тас төсемелер жөнделіп және қалпына келтіріліп, бақылау алаңдарына плиталар орнатылуда. Жұмыс шамамен 10 шақырымды қамтыды:

"Серуен" көпірінен Тельман тұрғын алабына дейін. Аудандағы ең үлкен парктердің бірі қайта жаңартылуда. Бұл жерде тротуар ауыстырылды. Жақында Есіл өзенінің жағасындағы саябақта бу мен су қондырғылары бар ерекше субұрқақ кешендерін тамашалауға болады. Хабарланғандай, жаз бойы елорданың барлық аудандарында 150-ге жуық аулалар мен 50 қоғамдық орындар абаттандырылуда, оның ішінде Байқоңыр ауданында - 50 аула, Сарыарқа - 40, Алматы - 33, Есіл - 20.

Жұмыс тұрғындардың тілектерін ескере отырып жүргізілуде, "Бюджетке қатысу" бағдарламасы жүзеге асырылуда. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі аула аумақтарын көріктендіруге, абаттандыруға, көгалдандыруға ерекше көңіл бөлуде. Елордада "Нұр-Сұлтан - жайлы қала" жоспары жүзеге асырылуда, ол жаяу жүргіншілерге жағдай жасауды, полисцентриализмге бағытталған тәсілдерді енгізуді, жасыл алаңдар мен велосипед жолдарының санын көбейтуді, көпірлерді, қоғамдық орындарды салу және басқаларын қарастырады.