23 Қазан, 2013

Атыраулықтар Уфада оқиды

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жоғары білім алуға, білікті маман болуға ұмтылған талантты, талапты жастар қашанда қолдаудан кенде қалмайды. Соның бірі ретінде Атырау облысынан 30 жастың Уфа мұнай университетіне оқуға түскенін айтуға болады. Олардың аталған оқу ордасының студенті атануына облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов қолдау көрсетіпті. Бір кездері осы оқу орнын бітірген өңір басшысы атыраулық жас өрендердің сапалы білім алуы үшін Уфа мұнай университетінің басшыларымен келісім жасапты.

Қазір Уфа мұнай университеті тек Ресей үшін ғана емес, әлемнің 40-қа жуық еліне маман даярлайтын халықаралық деңгейдегі жетекші оқу ордасының біріне айналды. Бұл күндері Уфада еліміздің әр өңірінен бар­ған 200-ге жуық қазақстандық білім алуда.

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанған 30 атыраулық студенттің Уфада алаңсыз білім алуына өңірдегі шетелдік компания арнайы грант бөлді» деді облыс әкімі Б.Ізмұхамбетов.    

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,

«Егемен Қазақстан».

Атырау облысы.