ITU атқарушы комитеті аталған елдердегі коронавирус індетінің бәсеңдемеуіне байланысты осындай шешім қабылдаған.
Сондай-ақ триатлоннан Еуропа кубогі мен Еуропа чемпионаты да биыл өтпейді. Қыркүйек айында Румынияда өтуі тиіс екі бірдей халықаралық турнир де күнтізбеден алынып тасталды.
Әзірге қыркүйек және қазан айларына жоспарланған Гамбург, Монреаль және Бермуд аралдарындағы турнирлерге өзгеріс енген жоқ. Айта кетелік, бұдан бұрын атқарушы комитет 2020 жылғы әлем чемпионатын өткізуді қолдаған еді.