Қазақстан • 06 Тамыз, 2020

Бас прокуратура Damumed-ті тексереді

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі Ерлан Байтұқбаев еліміздің Бас прокуратурасы Damumed жүйесінде ықтимал бұрмалауға қатысты тексеруді бастайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Бас прокуратура Damumed-ті тексереді

"Азаматтарды медициналық тексеру және емдеу бойынша деректерді бұрмалау мүмкіндігі туралы мәселелер, енді Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының бақылауында.

Президенттің көмекшісі, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев Бас прокуратураға 28 тамызға дейін тексеру жүргізуді және келіп түскен ақпарат расталған жағдайда прокурорлық ден қою шараларын қабылдауды тапсырды. Тексеру нәтижелері туралы қосымша хабарланады", деді Ерлан Байтұқбаев.

Бұған дейін DamuMed-тен жарты жылда 75,5 миллион теңгеге жуық сомаға 11 607 тіркелім табылғаны хабарланған болатын. Аталған мониторингті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мамандары жүргізді.

Сонымен қатар желі қолданушылары әлі де дәрігерлерге бармаған сапарлары көрсетілген қосымшадан скриншоттарды шығарады. Көптеген тұрғын ауруханаларға "барғанын" және сынақтарды "тапсырғанын" кездейсоқ біледі.

Сонымен қатар Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко әлеуметтік желілерде Damumed қосымшасындағы дәрігерлердің "жоқ қабылдауларына" қатысты наразылық білдірді.