Руханият • 06 Тамыз, 2020

Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагерлері қайырымдылық жасады

417 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылғы 3 тамызда "ҚР ҰҚК органдарының ардагерлері" РҚБ мүшелері Нұр-Сұлтан қаласының тұрмысы төмен отбасыларына 1 миллион сомасына қаржылай көмек көрсетті. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагерлері қайырымдылық жасады

Атап айтқанда, 20 отбасына, олардың қатарында мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған  көпбалалы аналар мен толық емес отбасыларға 50 мың теңгеден берілді.

РҚБ өкілі Қ.Жұмагелдин кез келген қайырымдылық, әсіресе қазіргі жағдайда, әрбір адамның борышы екенін атап өтті.

Қолдау көрген отбасылар ҰҚК ардагерлер ұйымының өкілдеріне алғыстарын білдіріп, қызметтеріне жетістіктер тіледі. Бұрын осыған ұқсас көмек мұқтаж және науқас ҰҚК ардагерлеріне көрсетілген болатын.