Білім • 06 Тамыз, 2020

Елорда мектептеріне жаңа оқулықтар таратылуда

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық білім басқармасы мен «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері қаладағы жалпы білім беретін мектептерге кітаптардың таралуын қадағалап, көшпелі мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Елорда мектептеріне жаңа оқулықтар таратылуда

Елорда мектептерінде жаңа оқу жылына дайындық жалғасуда. Қазіргі уақытта оқу орындары жаңа оқулықтармен қамтамасыз етілуде.

"Бұл қоймада 1-11 сыныптарға арналған 19 баспаның оқулықтары бар. Осы жерден барлық мектептер кестеге сәйкес оқулықтар алады. Бүгінгі таңда 35 мектеп кітап алды", - дейді қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Сматаева.

Бұл ретте санитария нормалары қатаң сақталады. Екі апта ішінде елордаға шамамен 20 КамАЗ-бен 750 тонна оқулық әкелінген. Оқулықтар мектептерге бөлінуде. Оқу құралын уақтылы жеткізуді мониторинг тобы қадағалайды.

"Бүгін қалалық білім басқармасымен бірлесе отырып, Қосшы ауылындағы мектепке барып, оқулықтарды 1-11 сыныптарға тараттық. Атап айтқанда, оқулықтардың № 54 мектеп-лицейге жіберілуін қадағаладық. Біз бұл үдерісті толық бақылаймыз", – дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Астана-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің үйлестірушісі Сәуле Бисембаева.

Қазақстанда алдағы оқу жылын еліміздің барлық мектептеріндегі 1-11 сыныптарда қашықтан оқыту жоспарланған. Осыған байланысты білім басқармасына және оқу орындарының директорларына мектептердің қашықтан оқытуға дайындығын қамтамасыз ету тапсырылды.