Жапондар – әлемдегі ең еңбекқор халық. Азаматына еңбекқорлық қасиет балабақшадан сіңіп, мектепте бекиді. Ұлттық беріктік іргетасы да – мектептен. Әр адамның өзін өзі қадағалауы, қоғам алдындағы жауапкершілік, ортадағы сыйластық қарым-қатынас бастауы да – мектеп. Білім жүйесі сырттай қарағанда басқа капиталистік елдердің білім жүйесіне ұқсас болғанмен, мәні мен мазмұнына назар салсақ, көптеген ерекшелігі бар.

Жапон мектептері шйоугаккоу, чиюгаккоу, коутоугаккоу деген үш сатыдан тұрады. Бастауыш мектеп – шйоугаккоуда оқушылар алты жыл оқиды. Орта мектеп – чиюгаккоу мен жоғары мектеп – коутоугаккоуда үш жыл білім алады. Сонда жапон баласы мектепте барлығы он екі жылын өткізеді. Жоғары мектепті бітірген соң университетке түсуіне болады. Бастауыш пен орта мектеп міндетті білім сатысы саналады. Бастауыш пен орта білім тегін беріледі, ал жоғары мектеп ақылы. Жапон мектептерінің бұл үш түрінің ғимараттары бөлек-бөлек орналасқан.
Өмірлік ұстаным – еш нәрседен қателеспеу
Жалпы, жапондар білімқұмар халық. Білім жинау адамның өмір бойы айналысатын ісі деп есептейді. Еш нәрседен қателеспеуді өмірлік қағидаттың бірі санайды. Сондықтан бұл елде оқушылардың сабақтан қалуы, мектепке кешігіп баруы, мектеп ережесіне бағынбауы жоққа тән. Әр дүйсенбіде, оқушылар бір қатарға тұрады да, мектеп директорының он бес минуттық сөзін тыңдайды. Бір сыныптың оқушылары өздеріне тиесілі кабинетте отырады. Оқушылар сабақтан қалмайды. Мектепке уақытында барып, барлық сабаққа қатысу, тиянақтылық жоғары бағаланады. Сабақ кезінде тамақ жеу, тағы басқа бейәдеп әрекеттерден өздерін аулақ ұстайды.
Балдырған балабақшадан соң бастауыш мектепке қабылданарда емтиханнан өтеді. Бастауыш мектепте оқу жеңіл, үй тапсырмасы берілмейді, қиын емтихандар жоқ. Жапониядағы бастауыш мектептің басты мақсаты – бала бойында мәдениетті адам қасиеттерін қалыптастыру, жалпы білім негіздерімен таныстыру. Оқушылар 4-сыныпқа дейін емтихан тапсырмайды, өз бетімен орындаған шығармашылық жұмыстарын өткізеді.
Балаларға қоршаған ортаны сүюге үйрету, әдептілікке тәрбиелеу – бастауыш білім жүйесінің негізгі міндеті. Негізінен жапон тілі, музыка, әлеуметтану пәндері, бейнелеу өнері, үй шаруашылығы, арифметика, табиғаттану оқытылады, еңбекке баулу, дене шынықтыру да бар. Мектептерде арнайы жабдықталған кабинетте «Отбасы тәрбиесi» деген пән оқытылады. Ал «Қарияларға құрмет» деп аталатын сабақ барысында балалар ақсақалдармен жүздесiп, шаруасына қолғабыс тигiзедi. Егiстiкте орақ орып, келсаппен күрiш түюге де бастауыштан баулиды.
Оқушылар адамды құрметтеуге, табиғатты аялауға, ортаға зиян келтіретін әрекеттен аулақ болуға тәрбиеленеді. Өзін-өзі ұстай білу, қанағатшылдық, қоғам үшін еңбек ету – басты тәрбие бағыты.
Бәрінен маңыздысы – ана тілі
Бірінші сыныптан бастап кокуго (мемлекеттік тіл) пәні міндетті түрде оқытылады. Жапон тілі – барлық пәннің алдында тұрған ең маңызды сабақ. Жапонияда мемлекеттік тіл пәнінің маңызы зор. Кокуго – баланың ана тіліне сүйіспеншілігін оятумен қатар, ежелгі жапон тілінің ерекшелігін санасына бекітетін оқу жүйесіндегі басты ілім. Ағылшын тілі орта мектепте оқытылады. Бірақ баланың ұлттық жазу, оқу тілін классикалық деңгейде біліп шығуы бәрінен маңызды саналады.
Барлық пән тек мемлекеттік тілде оқытылады. Бастауыш мектептегі ең көп сағат саны да кокуго пәніне бөлінген. Кітапқа сүйіспеншілік бала бойына балабақшадан сіңеді. Бастауыш мектепте оқушылардың кітапқұмарлығын арттыратын түрлі шаралар өткізіледі. Бұдан бөлек жапон баласы аптасына кем дегенде бір рет мектеп кітапханасына барып, кітап оқуға міндетті. Сондай-ақ аптасына бірнеше мәрте өтетін сыныптағы он минуттық кітап оқу шарасына оқушылар түгел қатысады.
Білім министрлігінің ұсынысы бойынша әр мектеп оқулық таңдау мен білім беру бағытына өзі жауапты. Мектеп формасын да әр мектеп оқушылардың қалауын ескере отырып, өзі таңдайды. Орта мектепте мемлекеттік тіл, информатика, Жапония тарихы, дүниежүзі тарихы, денешынықтыру, музыка, ағылшын тілі, жаратылыстану пәндері оқытылады. Үш жылдық жоғары мектепте оқушылар көне және қазіргі жапон тілі, Жапония тарихы, география, дүниежүзі тарихы сияқты гуманитарлық пәндер, әлеуметтану, этика, саясаттану, экономика тәрізді қоғамдық ғылымдар, өнер, дене шынықтыру, ағылшын тілі, информатика бойынша білім алады. Бұдан бөлек оқушыға белгілі бір кәсіп бойынша курстар таңдауға ерік берілген. Бастауыш мектепте сабақ 45 минутқа созылады, күніне төрт сабақтан аспайды. Орта мектепте сабақ 50 минутқа созылады. Сабақтар арасындағы үзіліс 5-10 минут, түс кезінде ас ішуге арналған бір сағат бар. Жоғары мектепте оқушылар сабақтан кейін түрлі үйірмелерге қатысатындықтан, бар уақыты мектепте өтеді.
Мектеп формасына қатысты барлығына ортақ талап бар. Балалар мектепке бірдей сөмке ұстайды. Қыз баланың сабаққа бетін, тырнағын, шашын бояп келуі, шашын жайып жүруі, денесіне тату таңбасын бейнелеуі, келте көйлек киюіне тыйым салынған. Қыздарға шаш бұйралауға да рұқсат жоқ. Оқушыларға ақ, қара, қою көк түсті шұлық киюге болады. Басқа түсті шұлық киюге тыйым салынған. Мектеп ауласында тыйым салынған әрекеттің бірі – бозбала мен бойжеткеннің оңаша кездесуі. Жалпы, жапон қоғамында ұл мен қыздың мектепте оқып жүріп, махаббат оқиғаларын бастан кешіруі жат үрдіс. Оқушы білім алу жолында бөтен нәрсеге алаңдамауы керек.
Жапон оқушылары әлемдегі бос уақыты жоқ еңбексүйгіш балалардың санатына жатады. Оқу жылы үш семестрден тұрады: бірінші семестр сәуір айынан шілдеге дейін, екіншісі қыркүйекке дейін созылса, үшінші семестр қаңтар мен наурыз аралығын құрайды. Жапон балалары демалыс дегенді білмейді. Мектепке деген құрметі соншалық, каникул кезінде де үйірмелерге үзбей барады. Жазғы демалыс кезінде балалар мектеп үйірмелерінде жыл бойы жинаған білімін іс жүзінде шыңдайды. Балалар каникул уақытын да емтиханға дайындалумен өткізеді. Басқа елде балалар каникулда қыдырып, демалса, жапон баласы кітап оқып, шығармашылықпен айналысады, өзін қызықтырған белгілі бір салаға қатысты ізденушілікпен шұғылданады. Оқушылар мектептен тыс әртүрлі пән бойынша білімді жетілдіретін джюку деп аталатын курстарға қатысады. Мектептегі сабақ аяқталған соң жоғары сынып оқушылары түгел джюкуге барып, кешке дейін оқиды.
Емтихан тозағы
Емтихандар орта мектепте басталады, жылына екі-үш рет тапсырады. Емтихан тапсыру кез келген жапон үшін қиын әрі жауапкершілікті талап ететін маңызды іс саналады. Емтихан сынағына дайындалу барысы азапты еңбек екені сөзсіз. Жапон баласының емтиханға үлкен жауапкершілікпен қарауының белгісі «шикенджигоку» (емтихан тозағы) деген сөзден байқауға болады. Жоғары оқу орнына мектеп емтиханы мен университеттің қабылдау емтиханын тапсыру арқылы түседі. Мектепті 12 жыл бойы өте жақсы оқыған шәкірттер де емтихан тапсырады, оларға елден ерекше жеңілдік жасалмайды. Оқушылардың білімі әріптік таңбамен немесе балмен бағаланады.
Емтихан басталардан бір апта бұрын үйірмелер жұмысын тоқтатады. Бұл оқушылардың басқаға алаңдамай, емтиханға тыңғылықты дайындалуы үшін қажет. Емтихандар әдетте жазбаша тапсырылады. Орта мектепті бітірген балалар элиталы жоғары мектепте оқу үшін емтиханды лайықты деңгейде тапсыруға ұмтылады. Орта мектептен соң кәсіби училищелерде білім алуға болады. Кәсіби училищелер, техникалық колледжерге оқуға тапсыру оңай емес. Жапонияда кәсіби жұмысшылар жоғары бағаланатындықтан сынақ та үлкен. Көптеген техникалық колледждер ірі кәсіпорындарға қарайды, түлектер мамандығы бойынша жұмысқа орналастырылады.
Тәрбие мен тәртіп қатар ұштасқан жапон мектебінде оқушылардың мұғалім алдындағы жауапкершілігі жоғары. Мұғалім сыныпқа кіргенде бастауымен оқушылар орындарынан тұрып, ұстазға иіліп амандасады. Содан соң сабақ басталады. Оқушылар әр сабақтың басы мен соңында мұғалімге иіліп, тағзым етеді. Жапон оқушыларының сабаққа қатысу көрсеткіші 99,9 пайызды құрайды. Яғни бұл елде оқушылар сабақтан қалмайды, кешікпейді деген сөз. Шәкірттердің ұстаздарға деген құрметі жоғары. Сабақ кезінде басқа нәрсеге алаңдап, мұғалімді тыңдамау үлкенді сыйламаудың нышаны ретінде қабылданады. Жапон балаларының елден ерек тәртіпті екені соншалық, егер мұғалім кенеттен науқастанып, жұмысқа келе алмаса, оқушылар шулап, сабақтан қашпайды, берілген тапсырманы сынып ішінде орындап отыра береді.
Жапон мектебінде оқушылардың әрекетті таңдау еркіндігі берілген. Әр мектепте сэйтокай деген оқушылар кеңесі жұмыс істейді. Аталған кеңесте басшы, орынбасар лауазымдарына сайланатын бала мектеп ұжымы алдында баяндама жасап, атқаратын істері мен жоспарларымен таныстырады. Жапон мектебінің өзгеге ұқсамайтын тағы бір ерекшелігі, сыныптағы оқушылар құрамы мен мұғалімдер жыл сайын ауысып отырады. Бұл баланың үйреншікті ортада тұйықталып қалмай, жаңа жағдайға бейімделуі үшін керек.
Бұл елде оқушыларға кісі қызығарлық жағдай жасалған. Мектептер балалардың жаяу қатынауына ыңғайлы болуы үшін үйлерге жақын салынған. Токио сияқты ірі қалаларда «Балалар жүреді» деген таңбасы бар арнайы қызыл кірпішпен ерекшеленген, көлік өтпейтін жолдарды көруге болады. Балалар жүретін цугакуро деп аталатын жаяужол көліктер сапырылысқан трассадан бөлек төселген. Балалар осындай қауіпсіз жол арқылы мектепке жаяу қатынайды. Оқу жылы басталарда ата-ана мектепке баласы жүретін цугакуроның, яғни үй мен мектеп арасындағы жаяужолдың картасын сызып өткізуі керек.
Әр ауланың балалары «хан» деп аталатын топ құрып, мектепке топтасып қатынайды. Ата-аналар комитеті балалардың жол қауіпсіздігін қадағалайтын кезекшілік ұйымдастырады. Бұған қоса аудандағы зейнеткер тұрғындар да арнайы жарық шағылыстыратын күртеше киіп, балалардың мектепке барып-келуін қосымша бақылайды. Яғни топбасшының жапон баласы мектепке ешқашан жалғыз қатынамайды. Кейбір жекеменшік мектептер үйлерден шалғай орналасқан жағдайда оқушылар қоғамдық көлікпен қатынайды. Оқуға көлікпен баратын балалар да үлкендердің ұдайы бақылауында болады. Мектептер балалар мінетін қоғамдық көліктер мен аялдамалар туралы толық мәліметті тіркеп, оқушы мектепке барып-келетін дәл уақытты белгілеп отырады.
Балалар жолдан өткенде бастарында ашық сары түсті телпек, қолдарында арнайы жалауша болады. Өтпе жолда оқушылар жүргізушілерге қол көтеріп, «тоқтау» жөнінде белгі береді. Мұғалімдер мен ата-аналар балаларға күн сайын жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертіп отырады. Бала мектептен қайтқанда басқа бағыттағы көлікке мініп немесе дүкен аралап кетсе, ата-анасына сөгіс жарияланады. Балалардың көшедегі қауіпсіздігіне полиция да жауапты. Полиция қызметкерлері оқушыларға арналған акциялар ұйымдастырып, мектепке жақын жол айрықтарына кезекшілікке шығып тұрады. Рандосэру деп аталатын оқушы сөмкесі де баланың қауіпсіздігін жан-жақты ойластырып жасалған. Сөмкеге оқушы қажет жағдайда қолданатын жарық шашатын белгі жапсырылып, ысқырғыш, т.б. құралдар бекітілген. Бұған қоса заманауи GPS функциялы шағын ұялы телефон салатын қалташасы бар.
Жапон мектебінде асхана жоқ, тамақ арнайы дәріленіп тазартылған бөлмеде әзірленіп, арнайы қораптарға салынып, сыныптарға жеткізіледі. Ас ішерде оқушылар партаны жақсылап сүртіп, үйінен әкелген шүберек төсейді. Содан кейін басына арнайы тігілген телпек киіп, алдына алжапқыш байлайды. Оқушылар белгілі бір уақытта тамақтанады. Тамақты оқушыларға кезекші оқушы үлестіреді. Оқушылардың ас-суына тек аспаздар жауапты емес, медицина қызметкерлері тағам құрамын ұдайы тексеріп, сапасын бақылап отырады. Мектептегі тамақ жергілікті өнімдерден әзірленеді. Түскі ас аяқталғанда оқушылар ыдыстарды жинап, жуатын орынға апарады. Жапон мектептерінің өзгеге ұқсамайтын тағы бір ерекшелігі, сыныптың, ауланың, тіпті дәретхананың тазалығына оқушылардың өзі жауапты. Сабақ аяқталған соң оқушылар кезектесіп, сыныпты, дәлізді, дәретхананы (унитазына дейін) жуып, тазалайды.
Шарафат ЖЫЛҚЫБАЕВА,
жапонтанушы
Жапония халқы Олимпиаданың өтуіне қарсы шеруге шықты
Әлем • Бүгін, 18:47
Елордалық спортшылар қарттар үйіндегі аналарды құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 17:57
Шымкентте тәртіп бұзған қоғамдық тамақтану орындары анықталды
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Атырауда шағын несие кеңсесінен 400 мың теңгені тонап кетті
Аймақтар • Бүгін, 15:30
Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналардың 5 қабаттан құлағаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 14:48
АҚШ-та COVID-19-қа қарсы 2,9 миллион вакцина салынды
Әлем • Бүгін, 14:07
Қызылордада 1000 отбасыға азық-түлік себеті таратылды
Аймақтар • Бүгін, 12:38
Атыраулық оқушы АҚШ университетінің грантын иеленді
Аймақтар • Бүгін, 12:21
Салғырт құрылыс компанияларын қара тізімге енгіземіз - Алтай Көлгінов
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Шетелден 307 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • Бүгін, 10:49
Спорт • Бүгін, 10:10
Қостанай қазақ театры көрермендерімен қайта қауышты
Аймақтар • Бүгін, 09:47
Жансай Смағұлов күміс медальді иеленді
Спорт • Бүгін, 09:37
Пневмонияның 52 және 3 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Бүгін, 09:27
Елімізде 568 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:18
Елімізде бір тәулікте қанша адам вирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:07
Спорт • Кеше
Елімізде алғаш рет «Домалақ ана» операсы сахналанды
Аймақтар • Кеше
ШҚО аумағында шектеу шаралары 20 наурызға дейін ұзартылды
Аймақтар • Кеше
СҚО полициясында 374 қыз-келіншек қызмет атқарады
Аймақтар • Кеше
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан суперкубогын жеңіп алды
Аймақтар • Кеше
Алматының ортасындағы көше опырылып қалды
Аймақтар • Кеше
Теңіз кенішіндегі бес автобус өртінің себебі анықталды
Аймақтар • Кеше
Боксшылар әзірге төрт қола алды, тағы екеуі финалда
Спорт • Кеше
Тараз қаласында 135 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Кеше
Жансай Смағұлов жүлдеге таласады
Спорт • Кеше
Алматының бас санитары Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • Кеше
8 наурыз күні хоккейден балалар турнирі өтеді
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Оралдық магистранттар қазақ әдебиетін оқиды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанның қай өңірлері «сары» аймақта тұр
Қазақстан • Кеше
Дзюдодан Париждегі турнир Қазан қаласына ауыстырылды
Спорт • Кеше
Атырау облысында газдан уланған төрт адам қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Теңіз кенішінде 5 автобус отқа оранды
Аймақтар • Кеше
Пневмонияның 42 және 2 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 200 мыңнан асты
Қазақстан • Кеше
Өткен тәулікте 832 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
Қазақстан • Кеше
Қазақстан мен Өзбекстан медицина саласында ынтымақтастықты нығайтады
Медицина • 05 Наурыз, 2021
Алматыда жауын-шашын салдарынан көліктерді ағаш басып қалды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 05 Наурыз, 2021
Көктемдегі ҰБТ 10-наурызда басталады
Білім • 05 Наурыз, 2021
Үкіметте «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штабтың отырысы өтті
Үкімет • 05 Наурыз, 2021
Алматыда «Жыл құсы-2021» көрмесі басталды
Өнер • 05 Наурыз, 2021
Ashyq қосымшасы арқылы тексерілетін ЖСН мәліметтері қайда жіберіледі
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Екі-ақ төрті бар екен, қалғанының бәрі бес...
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Әр сала үздіктеріне құрмет танытты
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Алматы тауларында қар көшкіні жүреді
Экология • 05 Наурыз, 2021
Жаңа маусымда жергілікті ойыншыларға сенім артты
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
АҚШ-тың екі штатында бетперде тақпауға рұқсат етілді
Әлем • 05 Наурыз, 2021
«Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы жарияланды
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Алдағы 9 наурызда Бас санитардың жаңа қаулысы күшіне енеді
Медицина • 05 Наурыз, 2021
Атырауда түрмедегілер туысымен екі тәулікке кездесе алады
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Елордалықтар ақпан айында МӘМС-ке 3,2 млрд теңгеден аса жарна аударды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Нұрлан Ермекбаев ресейлік әріптесі армия генералы Сергей Шойгумен телефон арқылы сөйлесті
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Биыл Жаңақорған ауданынан күн электр станциясы пайдалануға беріледі
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Алматыда гашиш сатқан азамат ұсталды
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
«Қазақалтын» кенішінен 122 млн теңгенің алтыны ұрланды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Қостанай облысында «Көктем - 2021» оқу-жаттығу шарасы өтті
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Футзалдан «Евро-2022» додасының іріктеу ойындары өтті
Спорт • 05 Наурыз, 2021
Руслан Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • 05 Наурыз, 2021
Ұқсас жаңалықтар