Ең қысқа әңгіме • 07 Тамыз, 2020

Нұрпейісовтің ордені

193 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жақында белгілі қаламгер Уәлихан Қалижан әлеуметтік желіде Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісов туралы естеліктер сериясын жариялады. Соның бірі «Соғыстан қалған бір де бір медалім жоқ» деп аталады екен.

Нұрпейісовтің ордені

Коллажды жасаған Қонысбай Шежімбай, EQ

«Сұрапыл соғысты көрдім. Бірақ майдан шебінде болғаным жоқ. Фашистерді де қырып-жойдым деп айта алмаймын. Көбіне штабта жұмыс істедім...

– Әбе, мен білетін дерек өзгеше. Сіз ұзақтан ататын артиллерияның құрамында болдыңыз. Оның оғы ондаған шақырымға дейін жетпей ме?

– Жетсе жетер, бірақ қан­ша фашистің жойылғанын қай­дан білейін. Көргенім жоқ. Сон­дықтан да түрлі майданнан беріл­ген медальдарды жинап алдым да көзін жойып жібердім. Жа­са­маған ерлікті қалай жасадым деп кеудеме қаптатып тағып жүрейін.

Түсінікті, түсініксіз Әбді­жә­міл Нұрпейісов осындай Адам!»

Белгілі жазушының қандай наградаларды жойып жібергенін көрейін деп Ресейдің «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғы­сындағы халық ерлігі» элек­трондық құжаттар банкін ақтар­дық. Сөйтсек, болашақ әйгілі жазушы майданға 1942 жылы шілде айында Қызылорда облысы Арал ауданынан шақырылып, Оңтүстік, Прибалтика, Ленин­град майдандарынан өткендігі анық жазылып тұр екен. Лей­тенант Нұршайықов 1945 жылы 10 мамыр күні 137 зеңбіректік артиллериялық полк командирі, подполковник Комраковтың бая­наты бойынша мемлекеттік награ­даға ұсынылған. Арада 5 күн өткенде, яғни осыдан дәл 75 жыл бұрын, 1945 жыл­дың 15 мамырында «Қызыл Жұл­дыз» орденімен марапатталып­ты. Ал жауынгерге «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғы­сын­да Германияны жеңгені үшін» медалі осыдан 5 күн бұрын, 9 мамырда берілген болатын.

«Қызыл Жұлдыз» ордені берілерде ұсынылған марапат қағазында: «Бөлімде артил­­ле­­рия­лық қару-жарақ­тың есе­бін жүргізгенде ұйымдас­тыру­шылық қабілетін көрсетті, құралдардың жарамдылығын тікелей өзі қада­ғалады, тіпті ауыр ұрыс кезінде ату бекетіне үздіксіз оқ-дәрі жет­кізіп, батарея­лар әрдайым қам­тамасыз етіліп отырды» деп жазылған екен.

Міне, ерлік ұмытылмайды деген осы да.

 

Батыс Қазақстан облысы