Аймақтар • 07 Тамыз, 2020

Кәсіпкерлер көмегі

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласындағы емдеу мекемелеріне жергілікті кәсіпкерлер көмегімен алынған құрылғылар жеткізілді. Індет құрығына ілінген жерлестеріне жәрдем берген азаматтардан 39,7 млн теңге жиналып, оған өкпеге жасанды тыныс беретін 1 аппарат пен 15 оттегі концентраторы алынған.

Кәсіпкерлер көмегі

«Сәт-Сервис», «Бақ-Береке 2030», «Асанас-Дар», «МетПромМонтаж», «Нұр-Ай Ақжол», «Алтын Айдарлы» жа­уап­кершілігі щектеулі серік­­тестіктері мен «Сапақ» өн­ді­рістік кооперативі де­меу­­шілігімен алынған құрылғыларды дәрігерлерге табыстау салтанатына қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қа­тыс­ты. Өкпеге жасанды тыныс беретін аппарат пен 2 оттегі концентраторы қалалық ауру­ханаға берілсе, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына 3, облыстық балалар ауруханасына 5, «Ана мен бала» орта­лығына 5 құрылғы табыс етілді.

Қиын кезеңде қолдан келген көмегін аямай, дерт­ті же­ңуг­е үлес қосқан кәсіп­кер­лер­ге шаһар басшысы қала тұр­ғындарының атынан алғыс білдірді. Қазір індетке қарсы кү­реске жұмылған еріктілер қа­тарында кәсіп­кер­лер, құ­ры­лысшылар, мәс­ли­хат депут­атта­ры да бар. Осы еріктілер ең­бегімен аз уа­қытта облыс ор­талығының өзінде ғана 56,2 млн теңгеден аса қаржы жиналып, аймақ орталығындағы емдеу меке­ме­леріне қажетті құрал-жаб­дықтар алынды.

 

ҚЫЗЫЛОРДА