Сурет pavlodarnews.kz сайтынан алынды
Бұл туралы шаһар басшысы Ержан Имансләм өзінің инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.
– Құрметті павлодарлықтар! Халық үніне құлақ асатын мемлекет - бұл халықтың мәселелері мен сауалдарына жедел жауап беретін билік. Осы бір жарым апта ішінде мен әлеуметтік желілердегі аккаунттар арқылы жүзден астам өтініш алдым. Олардың кейбіреулері бірден шешімін тапты, кейбірі мұқият қарауды талап етеді, – деп жазады қала әкімі.
Сондай-ақ ол Павлодар қаласы әкімдігінің ресми сайтында "Онлайн-қабылдау" сервисі жұмыс істейтінін және онда толғандырған сұрақтарды тікелей қоюға болатыны жайлы атап өткен.
– Сол сервис арқылы менің жеке қабылдауыма жазыла аласыздар. Сілтеме сториске бекітілген. Біздің диалог одан да нәтижелі болу үшін мен бүгіннен бастап жеке WhatsApp нөмірімді іске қосамын +7 778 598 4948, – дейді Ержан Имансләм.