23 Қазан, 2013

«Үкілі домбыра»

906 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

домбыра конкурс октябрь 8Атырауда ұлттық саз аспабын жасаушылардың республикалық байқауы өтті

Атырауда мәреге жеткен домбыра жасаушылар­дың кезекті республикалық байқауы күй атасы – Құрман­­­ғазы Сағырбайұлының 190 жылдығына арналып өткізілді. Оған Мәдениет және ақпарат минис­­трлігінің Мәдениет комитеті және Атырау облыс­­тық әкімдігі қолдау көрсетті. «Иман» респуб­лика­лық қорының президенті Өтеген Махмұт­тың айтқа­нындай, «Үкілі домбыра» байқауын өткізу 1992 жылы Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы қарса­ңын­да қолға алынған. Содан бері жыл аралатып өтетін байқауға қатысушылар қатары өскен. Бұл жолы 17 шебер өздері жасаған 25 домбыраны ұлттық саз аспабының білгір мамандарының назарына ұсынды.

 Атырауда ұлттық саз аспабын жасаушылардың республикалық байқауы өтті

домбыра конкурс октябрь 8Атырауда мәреге жеткен домбыра жасаушылар­дың кезекті республикалық байқауы күй атасы – Құрман­­­ғазы Сағырбайұлының 190 жылдығына арналып өткізілді. Оған Мәдениет және ақпарат минис­­трлігінің Мәдениет комитеті және Атырау облыс­­тық әкімдігі қолдау көрсетті. «Иман» респуб­лика­лық қорының президенті Өтеген Махмұт­тың айтқа­нындай, «Үкілі домбыра» байқауын өткізу 1992 жылы Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы қарса­ңын­да қолға алынған. Содан бері жыл аралатып өтетін байқауға қатысушылар қатары өскен. Бұл жолы 17 шебер өздері жасаған 25 домбыраны ұлттық саз аспабының білгір мамандарының назарына ұсынды.

– «Үкілі домбыра» байқауын өткізудегі бас­ты мақсат – ұлттық саз аспабымыздың сапалық ерек­шелігін арттыру, сөйтіп, домбыраның әуендік, әуездік мүмкіндігін жетілдіру. Әрине, домбыраны жасау оңай емес. Сол себептен, домбыра жасаушы шеберлер өнерін насихаттап, кейінгі ұрпаққа жалғастыру жолдарын іздеуге баса мән беріп отырмыз, – дейді «Иман» қорының президенті Өтеген Махмұт.

Байқауға қатысушы шеберлерге қозықұйрық және қалақ домбыра үлгісімен жасалған екі аспапты ұсыну талабы қойылды. Және домбыра жасаушылардың аты-жөндері байқау қорытындысы шыққанға дейін жасырын ұсталды. Белгілі домбырашы, Астана қалалық ұлт-аспаптар оркестрінің бас дирижері Айтқали Жайымов төрағалық еткен қазылар алқасы әр домбыраның жасалу үлгісіне, әуезді үніне айрықша көңіл аударды. Байқаудың нәтижесінде Алматы облысында тұратын домбыра жасаушы Алмас Мұстафаев ұсынған домбыра Құрманғазы атындағы бас жүлдеге лайық деп табылды. Бас жүлде алған домбырасын Алматыдағы бұйра үйеңкі ағашынан жасадым, дейтін хас шеберге «ҚР мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі мен 4000 АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай сыйлық табыс етілді.

Сонымен бірге, Махамбет атындағы бірінші жүлде Нұржан Орынбасаровтың, Дәулеткерей атындағы екінші жүлде Естай Бақытжановтың, Еспай атындағы үшінші жүлде Аманкелді Смағұловтардың үлесіне тиді. Бұған қоса, бұл байқауда дүлдүл күйшілер Рыспай Ғабдиев пен Қаршыға Ахмедияров атындағы ынталандыру жүлделерінің иелері де анықталды. Ал қалақ домбыра жасайтын шеберлерге берілетін арнайы статуэтканы Елжас Орынбасарұлы еншіледі.

01-домбыра конкурс октябрь 2

Бір таңданыс тудырарлығы, аталған байқауға жергілікті жерден бірде-бір домбыра жасаушы қатысқан жоқ. «Иман» қорының президенті Ө.Махмұттың пікірінше, енді бұл байқау Батыс Қазақстан облысында өтуі мүмкін.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,

«Егемен Қазақстан».

Атырау облысы.

–––––––––––––

Суреттерде: қазылар алқасы әр домбыраны мұқият саралады.