Қазақстан • 07 Тамыз, 2020

2 млн-нан астам қазақстандыққа 21 250 теңге берілді

889 рет көрсетілді

7 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша ағымдағы жылғы шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 480 мың бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 227,1 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 138,7 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 2 млн 480 мың өтінімнің ішінде:

– 835,3 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген;

– 632,1 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;

– 370,2 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;

– 642,6 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.

Азаматтардың санаттары бөлінісінде:

– 835,3 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта);

– 224,6 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген;

– 1 млн 420,5 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Төлем 2 млн 249,1 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 227,1 мың қазақстандыққа аударылды.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан аумағында карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты МӘСҚ-тан біржолғы төлем алушыларға 0,5 ЕТЖ – 21 250 теңге мөлшерінде қосымша ақы төленеді.

2020 жылдың шілдесінде МӘСҚ-тан біржолғы төлем алған қазақстандықтарға карантиннің ұзартылуына байланысты қосымша ақы автоматты түрде тағайындалады. Қайта өтініш берудің қажеті жоқ.

Карантин ұзартылғаннан кейін біржолғы төлем тағайындауға алғаш рет өтініш берген азаматтарға төлем 1,5 ЕТЖ немесе 63 750 теңге (42 500 + 21 250 теңге) мөлшерінде тағайындалады.

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар

Омбыда Абай үйі ашылды

Абай • Бүгін, 10:20

Алтын арзандайды

Әлем • Бүгін, 09:40

Ең үздік бестікте

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 07:58

Әлем чемпионатына қатысады

Спорт • Бүгін, 07:52

Турнирді жеңіспен бастады

Теннис • Бүгін, 07:50

Жастардың жүрек қалауы

Қоғам • Бүгін, 07:43

Ізгілікті іске жұмылғандар

Қоғам • Бүгін, 07:37

Виртуалды вирус

Қоғам • Бүгін, 07:16

Өріс кеңейсе, өнім артады

Экономика • Бүгін, 07:09

Ажалға араша түсті

Медицина • Бүгін, 07:02

Хайп пен байып

Қоғам • Бүгін, 07:01

Қазақстандық келісім үлгісі

Саясат • Бүгін, 06:52

Екпе алудың пайдасы мол

Қоғам • Бүгін, 06:45

Естайға ескерткіш қойылады

Руханият • Бүгін, 06:32

Сөз құдіреті

Руханият • Бүгін, 06:28

Індетті Google trends хабарлайды

Технология • Бүгін, 06:28

Болашақтан ұялу

Таным • Бүгін, 06:24

Елдіктің жампоз жыршысы

Руханият • Бүгін, 06:22

Арысын сүйген ән-жүрек

Өнер • Бүгін, 06:20

Домбыраны әлемге дәріптеген

Руханият • Бүгін, 06:19

Құс тұмауы құтырып тұр

Қоғам • Бүгін, 06:15

Алмалы аудан

Аймақтар • Бүгін, 06:14

Ұқсас жаңалықтар