«Жасы алтыға толған балалардың денсаулығын тексеру карантин кезінде тоқтатылған еді. Өткен аптаның басында емханаларда алты жасқа дейінгі балаларға жоспарлы вакциналары қайтадан салына бастады. Карантин режимі аяқталғаннан кейін алты жастағы балаларды медициналық тексерістен өткізуді жоспарлап отырмыз. Өйткені, бұл жастағы балалар мектепке барады. Сондықтан, профилактикалық екпелерін алып, жаңа оқу жылына дайын болуы керек» - дейді №3 Атырау қалалық емханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Клара Жасақбаева.