Аймақтар • 07 Тамыз, 2020

Теңіз кенішіндегі стационарда қанша науқас бар?

885 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Теңізшевройл» компаниясының ақпаратына қарағанда, кенорнындағы қызметкерлердің 3895-і қауіпті індетті жұқтырыпты. Қазір олардың 2863-і жазылып шықты.

Теңіз кенішіндегі стационарда қанша науқас бар?

«Тест қорытындысымен оң нәтиже бергендердің негізгі бөлігі вахтаға бара жатқан қызметкерлерде болған. Ал, ТШО қызметкерлері арасында 370 жағдай анықталған. Күн сайын расталатын жағдайлардың саны 90%-ға төмендеді.

Бүгінгі таңда Теңіз кен орнындағы жұқпалы аурулар стационарында (облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының филиалы) 194 қызметкер ем алуда. Бұл жалпы төсек-орын санының 27%-ын құрайды» - делінген компанияның ақпаратында.

Қазір Теңіз кен орнында  эпидемиологиялық ахуал жақсара бастады. Соған қарамастан, карантиндік шектеулер сақталып отыр. Бетперде тағу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау, өзін-өзі оқшаулау ТШО-ның, сондай-ақ, мердігер мекемелердің барлық қызметкері үшін міндетті талап болып отыр.