Бұл туралы кешкі мезгілде полицияның кезекші бөліміне Атырау қаласының тұрғыны шұғыл хабар беріпті. Оның айтуынша, 1980 жылы туған апасы мен өзінің 1,5 жастағы қызы сағат 17:30 шамасында үйінен шығып кетіп, қайта оралмапты.
«Осы дерекке байланысты жоғалған адамдарды іздестіруге Атырау қалалық полиция басқармасының жеке құрамы дереу жұмылдырылды. Бүгін, 7 тамызда сағат 10:00 шамасында полиция полковнигі Сайфулла Қазиханов пен полиция майоры Андрей Чекарев 40 жастағы әйел мен 1,5 жасар баланы «Дина» базарының маңынан тапты. Қазір олар туыстарымен табысты» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.