Аймақтар • 07 Тамыз, 2020

Сора еккен тұрғын тергелуде

118 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Қожакент ауылының оңтүстік беткейінде қалың жыңғылдың ортасында арнайы дайындалған аумаққа сора егілгендігін анықтады.        

Сора еккен тұрғын тергелуде

Жедел тергеу тобының іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті ретінде  осы ауданның тұрғыны ұсталды.

     Оқиға орнын тексеру барысында күдіктінің шеңгел мен жыңғылдар арасында жалпы 281 түп сора еккендігі белгілі болды. Күдікті аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамалды.        

     Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.