Аймақтар • 07 Тамыз, 2020

Адасқан балалар аман-есен табылды

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

4 тамыз күні сағат 23:42 шамасында Қызылорда қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне қала тұрғынынан кәмелетке толмаған екі баласының ойнауға шығып қайта үйіне келмегендігі жөнінде хабарлама түсті.

Адасқан балалар аман-есен табылды

Балаларды іздеу үшін Жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің жеке құрамы жұмылдырылды. Полицейлер барлық полиция учаскелеріне бағыт-бағдар беріп, адамдар көп жиналатын орындарды, шатырлар мен  қараусыз қалған ғимараттарды тексерді.

Іздестіру жұмыстары барысында екі бала 3 сағат ішінде табылып, аман-есен үйіне жеткізілді.

Түнгі уақытта көше кезген балалардың заңды өкіліне ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама рәсімделіп, ескерту берілді.

Қазір балалармен және олардың ата-анасымен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.