Аймақтар • 08 Тамыз, 2020

Атырауда кәсіпкерлік нысандарында 129 мың адам жұмыс істейді

493 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берген аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда кәсіпкерлік нысандарында 129 мың адам жұмыс істейді

Әкімнің айтуынша, кәсіпкерлік субьектілерінің саны 3,2 пайызға артып, осы саладағы нысандар 50 280-ге жетіпті.

"Биылғы бірінші тоқсанда өңір кәсіпкерлері өндірген өнімнің көлемі 693 млрд теңгені құрады. Бұл салада 129 мың адам жұмыспен қамтылып отыр", деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.