Президент • 08 Тамыз, 2020

Мемлекет басшысы Үндістан халқына көңіл айтты

1114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге әуе апатына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Мемлекет басшысы Үндістан халқына көңіл айтты

"Мен Үндістан үкіметіне, халқына және премьер-министр Нарендра Модиге Керала штаты әуе апатының салдарынан көп шығынға ұшырағанына байланысты қайғырып көңіл айтамын", деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі жеке парақшасында.

Еске салайық, 7 тамызда Air India Express әуе компаниясының бортында 200-ге жуық жолаушысы бар әуе кемесі Үндістанның оңтүстігіндегі Керала штатындағы Кожикоде қаласына қонған кезде апатқа ұшырады.