Сұхбат • 08 Тамыз, 2020

"Qazaqstan" телеарнасы бүгін көпшілік назарына Жақсылық Үшкемпіровтің соңғы сұхбатын ұсынады

3847 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Qazaqstan" телеарнасы бүгін көпшілік назарына Жақсылық Үшкемпіровтің соңғы сұхбатын ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz

"Qazaqstan" телеарнасы бүгін көпшілік назарына Жақсылық Үшкемпіровтің соңғы сұхбатын ұсынады

Әлем чемпионы қайтыс боларынан аз ғана уақыт бұрын телеарна тілшісімен сұхбаттасқан еді. Түсірілім кезінде әпкесінің қазасы туралы суық хабар алып, есеңгіреп қалса да, ерік-жігерін жинақтап, әдеттегідей ағынан жарыла сырласқан еді. Соңғы сұхбаты да қай кездегідей мазмұнды шықты. Жеңістерінің тарихын, Олимпиада, Әлем чемпионы атанған сәттерін еске алып, ұлтты сүю, тілді құрметтеу, қазақ ауылдарын көтеру арманы туралы баяндайды.

"Жақсылық Үшкемпіров. Соңғы сұхбат" арнайы хабары бүгін 20:30-да Ұлттық арна эфирінен шығады.