Руханият • 08 Тамыз, 2020

Қызылордаға тағы 54 оттегі концентраторы келді

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысына #жақсылықжаршысы акциясы аясында  тағы да 54 дана оттегі концентраторы жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қызылордаға тағы 54 оттегі концентраторы келді

Оттегі концентраторларының 16-сы блогер Дәулет Мұқаевтың "DAULETTEN", 16-сы Айнұр Тұрсынбаеваның "Айдың нұры" қорлары арқылы алынса, 22-сі "BI Group" компаниясының тартуы.  

Кұрылғылар "Атамекен" ҰКП қолдауымен "PONY_EXPRESS_KZ" логистикалық компаниясы және "Air Astana" әуекомпаниясы арқылы еліміздің барлық өңірлеріне жолданды.

Оттегі аппараттарын Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының мамандары күтіп алып,  қоғамдық бақылау мүшелері мен жоғарыда аталған азаматтардың өкілдеріне табыстады.

Айта кетейік, "Жақсылық жаршысы" акциясы аясында айда Қызылордаға 9 аппарат келген болатын. Оның көбі Қызылорда қаласындағы ауруханаларға таратылды. Бұл жолғы құрылғылар Байқоңыр қаласы мен 7 аудандағы ауруханаларға жіберіледі.