Атап айтар болсақ, US Open турнирінің төрт дүркін жеңімпазы Рафаэль Надаль жарысқа қатысудан бас тартты. Сондай-ақ, 2016 жылғы жеңімпаз, швейцариялық Станислас Вавринка мен оның әйгілі отандасы Роджер Федерер де турнирден сырт қалмақ. Федерер жарақатына байланысты АҚШ-тағы жарысқа бара алмайды. Ал Вавринка коронавиурстен қауіптенеді.
"Қазіргідей кезеңде АҚШ-қа барғым келмейді. Нью-Йоркте коронавирус әлі де басылған жоқ. Карантинге қатысты да сұрақтар бар. Індет кезінде жарыс ұйымдастыру көп күдік тудырады", дейді Вавринка.
Әлемнің 9-ракеткасы Гаэль Фонфис, италиялық Фабио Фоньини, австралиялық Ник Кирьостар турнирден тыс қалмақ. Ұйымдастырушылар биылғы турнирді көрерменсіз өткізуді жоспарлап отыр.