Аймақтар • 09 Тамыз, 2020

Жамбыл облысының Шу ауданында биыл 128 көше жөнделуде

387 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың Шу ауданына жасаған жұмыс сапары барысында жолдар салу және жөндеу, сондай-ақ суармалы сумен қамтамасыз ету жайы басты назарға алынды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Жамбыл облысының Шу ауданында биыл 128 көше жөнделуде

Аймақ басшысы алдымен автожол саласындағы ең ірі жоба – Меркі-Шу-Бурылбайтал тас жолының 266 шақырымдық құрылысына ерекше назар аударды. Қытайлық мердігер компания өкілінің айтуынша, жұмыстарға 500-ге жуық адам мен 271 техника жұмылдырылғанымен, бір қарағанда, бұл жерден ондай жұмысшылардың саны байқалмайды. Қалғандары  зертхана, ұсақтау қондырғысына қызмет көрсету секілді  бөлімшелерде еңбек етуде.

Бүгінгі таңда 18 шақырымға асфальт, 20 шақырымға негізгі жол жабындысы  төселген. Жаңа асфальтбетон зауытын іске қосу-реттеу жұмыстары аяқталыпты. Мердігер тас жолдың бір бағытын осы жылы аяқтауға берген уәдесін тағы  да растады. Дегенмен аса сенімді емес десек те, олар тапсырманы орындау үшін бар күшін салмақ.  Бердібек Сапарбаев №8 карьерде құм өндірудің рұқсат етілген көлемін ұлғайту мәселесін шешуге, сондай-ақ шетелдік мамандардың Қазақстанға шетелдік мамандардың кіруіне көмек көрсетуге уәде берді.

– Ауа райы суымай тұрғанда алдағы үш ай ішінде барлық топырақ жұмыстарын аяқтап үлгеру үшін екі ауысымда жұмыс істеу қажет. Мәселе туындаған жағдайда аудан әкіміне тікелей хабарласыңыздар, -– деді Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімі пандемиямен күрестің қиын кезеңіндегі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мәселесін де көңіл бөлді. Қытайлық инвесторлар қорғаныс костюмдері мен маскалар сатып алуға көмектессе, енді олар қайырымдылық қорына қаржы аударуға ниетті.

Қазан айының ортасында қуаттылығы сағатына 140 тонна асфальт пен 150 текше метр қиыршық тас шығаратын "Standart Constraction" ЖШС асфальт-бетон зауыты жұмыс істей бастамақ. Құны 300 миллион теңге болатын нысанның құрылысында 40 адам тер төгуде. Серіктестік басшысы Мұхамбеталы Шалқарбековтың айтуынша, битум өндіретін зауытты да іске қосу жоспарында бар екен. Бұл жобаны аймақ басшысы қолдайтынын білдірді, өйткені жергілікті жол құрылысында  осы материалдың жетіспеушілігі  туындап отырғаны жасырын емес.

«Меркі-Шу-Бурылбайтал» ірі жобасынан басқа, Шу ауданында 128 көше, оның ішінде Шу қаласында 48 көше жөндеуден өтуде. Шағын жобаларды үш компания жеңіп алған десек, "Архат-өркендеу" - 76 көше, "Алтай билдинг" - 15 және "РЗДИ-Құрылыс" - 37 көше. Аймақ басшысы Шу қаласының Қазақ көшесінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан «Архат-Өркендеу» ЖШС жетекшілерін әңгімеге тартты. Аталған серіктестікке тиесілі нысандардың жалпы құны бір миллиард теңгені құрайды, алайда олардағы жұмыс қарқыны баяу жүруде. Бұл орайда басқа мердігерлердегі жағдай да аса мәз еместігі байқалады.

- Ағымдағы жылы тендерлердің 99 пайызын жергілікті компаниялар жүзеге асыруда. Сіздер жұмыс жасағыларыңыз келді, оған қол жеткіздіңіздер, ал енді неге сапалы жұмыс атқармайсыздар? Егер сіздер тапсырылған шаруаны белгіленген мерзімде орындай алмасаңыздар, онда сіздерге деген сенім жоғалады, - деді Бердібек Сапарбаев.

Ағымдағы вегетативті маусымда шаруалар суару суына қатысты қиын жағдайды бастан өткеруде.  Өзендер таяз болып, қоймаларында судың каз мөлшері жиналған.  Бұл шамамен 200 миллион текше метр ылғал жиналған Тасөткелдің техногендік резервуарына да қатысты. Алайда, "Қазсушар "РМК облыстық филиалының басшысы Қазыбек Бедебаевтың айтуынша, бұл ағымдағы жылы жергілікті шаруашылықтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті болуы тиіс. Бүгінде мұнда бөгетті сейсмикалық тұрғыдан нығайту және қоймаға ылғал артығымен толған жағдайда авариялық су ағызу жүйесін құру бойынша жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр.

Алайда, оған әлі ерте. Өйткені, сыйымдылығы 620 миллион текше метр болатын қоймаға ылғалдың мол болған жылдардың өзінде  540 миллионға текше метр су жиналғандығы байқалған. Оған қоса аталған жоба өте қымбат, құны 1,9 миллиард теңгеге бағалануда.

"Егер қоймада көп мөлшерде су болмаса, онда авариялық су ағызу неге керек? Қазір біз үшін ең бастысы – ылғалдың мүмкіндігінше көп мөлшерде сақталуын қамтамасыз етіп, су мәселесінде көршілерге  деген тәуелділікті шешу. Сондықтан мәселені  ауқымды түрде шешу керек", деді аймақ басшысы.

Оның пікірінше, Тасөткел су қоймасының сыйымдылығын бір миллиард текше метрге дейін ұлғайту бағытында жобаны қайта қарау қажет, ол суармалы жерлердің көлемін едәуір арттыруға мүмкіндік бермек. Бұл мол өнім жинау, жаңа жұмыс орындарын құру және жамбылдықтарды өз азық-түлігімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Көктемгі су тасқыны кезде құмға су жібермес үшін, резервуардың түбін тазалап, бөгеттің қабырғасын биіктету керек. Өңір басшысы эскиздік жоспарды әзірлеу үшін жобалаушыларды шақыруды тапсырды.

Мұнда Бердібек Сапарбаев құны 1,6 миллиард теңге болатын "А&Т энерго" компаниясының су электр станциясының екінші кезегінің құрылыс барысымен танысты. Ол жоба бойынша станция қуаттылығы 4,6-дан 9,2 МВт-қа дейін еселенбек. Бүгінгі күні өндірілетін энергия Жамбыл электр желілері жүйесіне жіберіледі десек, ал энергетикалық компания жыл сайын аудандық бюджетке 100 миллион теңгеге дейін аударады.

Шу қаласына жұмыс сапары кезінде аймақ басшысы жоспардан тыс аудандағы үздіктердің бірі саналатын жергілікті гимназияға арнайы ат басын бұрды. 1956 жылы іргесі қаланған ескі ғимаратқа бірнеше жыл бұрын қосымша екі қабатты ғимарат қосылған. Қазіргі уақытта білім ордасында жылы санитарлық торап жабдықталуда. Мұнда 630 бала оқыса, жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 65 оқушы қабылданады. Қала газбен қамтылғанына қарамастан, гимназия әлі күнге дейін көмірмен жылытылады. Өңір басшысы аудан әкімі Нұржан Календеровке жылыту мәселесін шешуді, сондай-ақ бірінші сынып оқушыларын дәстүрлі тәсілмен оқыту жайын пысықтауды тапсырды.