Облыс әкімі жұмыс сапарымен ауылдық әлеуметтік нысандарды аралады.
Батыр ауылындағы 960 орындық алғашқы жалпы білім беру мекемесін осы айда пайдалануға беру жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстары 100 пайызға аяқталды.
Жаңа оқу жылына қарай Ақшұқыр ауылында 600 орындық, Жетібай ауылында 300 орындық мектеп ашылады, соның ішінде Ақтауда тағы үш мектеп ашу жоспарланған.
2020 жылдың соңына дейін 34 шағын ауданда 1200 орындық жаңа оқу орны және Шығыс-1 шағын ауданында 300 орындық екі мектеп салынады.