Қоғам • 10 Тамыз, 2020

Дәрі-дәрмек бағасы қоғамдық бақылауда

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аймақтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті жанындағы "Шығыс – Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің өкілдері өңірдегі дәрі-дәрмек бойынша мониторинг жұмыстарын жалғастыруда, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Дәрі-дәрмек бағасы қоғамдық бақылауда

Осы орайда жобалық кеңсе менеджерлері Өскемен қаласындағы дәріханаларды аралап дәрі бағасы мен ыстық түсіретін және вирусқа қарсы препараттардың бар жоғын бақылады.

Өздеріңіз білетіндей, осы уақытқа дейін арнайы мониторингтік топ 195 дәріхана мен 8 дәрі қоймасына мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Айта кеткеніміз жөн, жобалық кеңсе дәрі-дәрмек бойынша барлық жағдайлар мен шет мемлекеттен келетін гуманитарлық көмектерді басты назарда ұстауда.

Осыған байланысты, егер сіз дәрі-дәрмектердің бағасын көтеру фактілеріне тап болсаңыз, жемқорлыққа қарсы Call-center 1424 қоңырау шалу немесе жобалық кеңсесінің WhatsApp-нөміріне хабарлау қажет +7 702 000 24 94 («Adaldyq alańy» республикалық жобалық кеңсесі), + 7 778 474 69 35 («Шығыс – Адалдық алаңы» жобалык кеңсесі).