Абай • 10 Тамыз, 2020

Болашақ офицерлер Абай күнін атап өтті

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институт қабырғасында Абай күніне орай ұйымдастырылған әдеби-шығармашылық сағат аясында болашақ әскерилер хәкімнің өлеңдер жинағы, қара сөздерінен жинақталған мың бес жүзден астам әдеби мұрасымен танысты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Болашақ офицерлер Абай күнін атап өтті

Болашақ офицерлерді Абай мұрасына ортақтастыру, әйгілі ақынның идеясын кең насихаттауға арналған әдеби-шығармашылық сағатта оқу орнының бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков Абай Құнанбаев мұрасының ерекше маңыздылығына тоқталып,  ақын еңбектерінің әлем әдебиетінің шоқтығы биік туындыларымен қатар тұрғанын, оны кеңінен насихаттау – игілікті іс, келер ұрпаққа артылар зор аманат екенін атап өтті.

РЭжБӘИИ баспасөз қызметінің ақпарынша, курсанттар Абай өлеңдері мен қара сөздерін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жатқа оқып, шығармашылығын талдады. Әскерилер өткізген әдеби кеште домбырамен ән-күй шырқалып, ұлы тұлғаға арнаған өлең жолдары оқылды.

"Абай өлеңдері терең ойға жетелейді, айналаңа басқаша көзқараспен қарауға үйретеді. Ұлы ойшылдың айтқан әрбір сөзі дөп басып айтылған, осы күнде де өзектілігін жоғалтпаған", - дейді курсанттар. Әскерилер ел Президенті Қ.Тоқаевтың Абайдың 175 жылдығын тойлау туралы бастамасын кеңінен қолдап, түрлі шараларға атсалысып келеді. Жыл басынан бері әскери оқу орынының көркем әдебиет кітапханасында «Абай мұрасы» атты көрме жұмыс істеп тұр.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше