Спорт • 10 Тамыз, 2020

IBF рейтингінің үздіктер санатына қос боксшымыз еніп отыр

814 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық бокс федерациясының (IBF) жаңартылған рейтингінде Қазақстанның қос өрені озық ондықтың қатарында. Олар – Мейірім Нұрсұлтанов пен Айдос Ербосынұлы, - деп хабарлайды Egemen.kz.

IBF рейтингінің үздіктер санатына қос боксшымыз еніп отыр

Кезінде Дүниежүзілік бокс сериясында (WSB) жасындай жарқыраған Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой рингте де өзін жақсы қырынан көрсетуде. Орта салмақта жұдырықтасатын 27 жастағы Семей өңірінің тумасы төрт жылға жуық уақыт аралығында 13 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Сегіз қарсыласын есінен тандырды. Қазір ол сегізінші орынды иеленуде.

Екінші орта салмақтағы Айдос Ербосынұлы бірден төрт сатыға жоғарылап, бұл күндері тоғызыншы орынға тұрақтады. 28 жастағы қандасымыз 14 бәсекенің барлығында басымдық танытып, тоғыз жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. Соңғы рет ол 26 шілдеде Минскіде германиялық Нуху Лавальді екі рет нокдаунға жіберіп, нәтижесінде ұпай санымен болатын.

IBF рейтингінде "ТОП-10" боксшының санатына қосылуға Жәнібек Әлімханұлы жақын тұр. Әзірге ол 11 орынды иеленуде. Орта салмақта күш сынасып жүрген 27 жастағы Жетісу өңірінің түлегі кәсіпқойлар арасында сегіз жекпе-жек өткізіп, барлығын өз пайдасына шешті. Қазақ жігіті сол бәсекелердің тең жартысын нокаутпен аяқтады.