Аймақтар • 10 Тамыз, 2020

Жыл басынан бері 119 велосипед иесіне қайтарылды

1478 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында жыл басынан бері 119 велосипед иелеріне қайтарылды. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Жыл басынан бері 119 велосипед иесіне қайтарылды

Облыс орталығының тұрғыны үйдің кіреберісінен "Viva" велосипедінің жоғалып кеткені туралы полицияға жүгінді. Өтініш берушінің айтуынша, келтірілген залалдың мөлшері 135 000 теңгені құрады. Оқиға орнына жеткен полицейлер велосипед қалдырылған кіреберісті тексеріп, үйдегі пәтерлерді де тексеріп шықты. Өтініш беруші ұсынған құжаттар мен сипаттама негізінде полиция жоғалған мүліктің белгілерін анықтады.

Осы ақпаратпен қызметкерлер ұрланғанды сатуға болатын орындарды, ұрлауға қатысы барына бұрын құқық қорғау органдарының қарауына түскен адамдарды тексерді. Біраз уақыттан кейін бұл іс бойынша күдікті пайда болды. Павлодар қаласының 40 жастағы жұмыссыз тұрғыны велосипед ұрлауға қатысы болуы мүмкін екені белгілі болды. Ер адам ұсталды, ұрланған екі доңғалақты досы заңды иесіне қайтарылды.

Ұрлық фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері қырағы болыңыз және қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтаңыз, мүліктеріңізді сақтау үшін барлық шараларды қолданыңыз деп ескертеді. Велосипед ұрланған жағдайда, Сіз дереу жақын жердегі полиция бөлімшесіне немесе "102" телефонына хабарласуыңыз керек.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15