Қазақстан • 10 Тамыз, 2020

200 мың науқасқа жететін дәрі-дәрмектің 50 түрі әзірленді

1111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz 

200 мың науқасқа жететін дәрі-дәрмектің 50 түрі әзірленді

Тамыз айының алғашқы 10 тәулігінде ПТР сынақтың теріс нәтижесі бар КВИ-дың 13 280 адам тіркелді, оның 164-і қайтыс болды. Жалпы тәулікте 159 адам науқас тіркелді, оның 12-сі қайтыс болды.

"Провизорлық орталықтарда жедел әрекет ету үшін медқызметкерлерді дайындаудан бөлек, дәрі-дәрмектермен толықтыру бойынша ауқымды жұмыс атқарылуда. КВИ-қа ұқсас белгілері бар пневмониямен сырқаттанған науқастар үшін алдын ала бір айлық қорға есептелінген аппараттар сатылып алынды. 8,7 млрд болатын 91 түрлі дәрі-дәрмектер жөнелтілді. Бұл орташа 40 мың науқасқа жетеді", деді Б. Қожахметов.

15 тамыздан бастап тағы да екі айға жететін қор әзірленуде. Стационардағы 200 мың науқасқа жететін дәрі-дәрмектің 50 түрі әзірленді. Сонымен қатар, амбулаторлық жағдайда ем алатын науқасқа емдеуге арналған дәрі-дәрмектің 5 түрін сатып алу үрдісі аяқталуда. Дәл осындай ауқымды шаралар алғашқы рет қабылданып отыр.

"Сырқаттанып, вирус жұқтыру бойынша күдіктенсеңіз, тіркелген ауруханаңызға барып қаралсаңыз болады. Егер вирус жұқтырғаныңыз анықталса, бұрынғыдай дәріхана жағалап жүрмей-ақ қойыңыздар! Атап айтқанда, аурудың асқындырмай, қажетті парацетамол, ибупрофен және басқа да сынды препараттар еліміздің барлық емханаларға жеткізіледі. Дәрі-дәрмектерді жеткізу "СК-Фармация" компаниясымен жүргізіліп жатыр", деді ДСМ өкілі.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше