Спорт • 10 Тамыз, 2020

Ташкент трагедиясы

1490 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осыдан дәл 41 жыл бұрын, яғни  1979 жылдың 11 тамызында әуеде қос бірдей "Ту-134А" ұшақтары соқтығысып, борттағы 174 жолдаушының барлығы да қайтыс болды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Ташкент трагедиясы

Сол ұшақтың бірінде Ташкенттің "Пахтакор" футбол клубының 17 ойыншысы болды. КСРО чемпионатының кезекті турында "Динамоға" қарсы ойнау үшін өзбекстандық команда Минскіге аттанып бара жатқан еді. Алайда 8 400 метрлік биіктікте Челябі-Кишиневке бағытындағы тағы бір ұшақпен соқтығысты. Борттағы жолаушылардың барлығының да о дүниеге аттанды. Ұшақтың қаңқасы мен қаза болған адамдардың бөлшектері Украинаның Днепродзержинск қаласының маңынан табылды. Сол оқиға жайында КСРО басшылары қанша жерден тіс жармауға талпынғанымен, шындықты жасырып қалу мүмкін болмады. Қаралы хабар төрткүл дүниеге тез тарады. Өйткені, бұл әлемдегі ең ірі әуе апаттарының бірі еді.

Көп ұзамай тексеру жұмыстарының қорытындысы жарияланды. Бұл жерде диспетчерлерден қате кеткен екен. Солардың ағаттығы орны толмас қасіретке әкеп соқтырды. Қайтыс  болған футболшылардың көбі Ташкенттегі Боткин зиратында жерленді. Кейбірінің денесі өз Отанында жер қойнауына тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше