Аймақтар • 10 Тамыз, 2020

Шымкентте 108 мыңға жуық адам атаулы әлеуметтік көмек алды

459 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында ағымдағы жылдың 6 айында 21 573 отбасыға, яғни 107 967 адамға 5,7 млрд теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төленді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте 108 мыңға жуық адам атаулы әлеуметтік көмек алды

Нәтижесінде  шартты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алған 1597 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Оның 1362-ы тұрақты және уақытша жұмыс орындарына, 172-ы қоғамдық жұмыстарға, 23-і жастар практикасына, 35 азамат кәсіби даярлау курстарына жолданды, 5 адам кәсіпкерлікке баулу шараларымен қамтылды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтарды алушылар қатары көбейді. Осыған орай, ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін 2 АЕК көлемінде 1,2,3- топтағы 24827 мүгедек, 4 869 мүгедек бала, 6-18 жас аралығындағы 31 721 балаға, мүгедек бала күтімімен айналысатын 4 869 ата-анаға, жұмыспен қамту шараларына тартылған 4313-нан астам азаматқа төленді.