Абай • 10 Тамыз, 2020

Атырауда "Мәңгілік Абай" атты онлайн телемарафон өтті

530 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін 10 тамыз – Абай күніне арналған "Мәңгілік Абай" атты онлайн телемарафон өтті. Телемарафонда Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өңір тұрғындарын Абай күнінің алғаш рет мерекеленуімен құттықтады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда "Мәңгілік Абай" атты онлайн телемарафон өтті

"Биыл Алаштың алыбы, қазақтың данасы  Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жылдық мерейтойы аталып өтілуде. Осыған орай Мемлекет басшысы дара тұлғаның мерейтойын тағылымдық тұрғыда атап өтуді, той – мерекенің емес, ой-берекенің ұйытқысына айналуын тапсырған болатын. Ұлы ойшылды ұлықтаудың негізгі мақсаты — жас буынның санасына ғұламаның ізгілік тәмсілін барынша сіңіру. Абай жаққан білім-ғылымның шамшырағын мемлекетшілдіктің адастырмас темірқазығына айналдыру.  Дана Абайдың есімі әлемдік деңгейге жаңа леппен шығарына сенемін. Абайды тану – Алашты тану, қазақ халқының терең дүниетанымы мен тағылымды болмысын тану деген сөз. Өйткені, оның туындыларында ұлттың болмыс-бітімі, тұрмыс-тіршілігі,  пайым-парасаты, ділі мен тілі, діні мен рухы айрықша көрініс тапқан. 

Тәуелсіздіктің арқасында Абай әлемінің терезесі Алты алашқа ғана емес, тұтас адамзатқа айқара ашылды.  Жылдар өте тау тұлғамыздың есімі жаһан жауһарларының ортасынан ойып тұрып орын алып, әлемнің асыл қазынасына айналары сөзсіз", -деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

"Мәңгілік Абай" онлайн телемарафонында ақынның өлеңдері мен қарасөздері оқылды,  әндері шырқалды. Сондай-ақ Абайдың өмір жолы, шығармашылығынан сыр шертетін еңбектер ұсынылды.

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше