Қоғам • 11 Тамыз, 2020

Медициналық сақтандыру жүйесінде болмауыңыздың 6 себебі

144 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына тұрақты түрде жарна төлеп жүрген елорда тұрғыны, Egov арқылы тексергенде немесе телеграмм бот арқылы қарағанда МӘМС мәртебесі «сақтандырылмаған» деп көрсетілсе, оның себебін анықтап, білу керек. Біз бүгін ең жиі кездесетін 6 себепке тоқталамыз.

Медициналық сақтандыру жүйесінде болмауыңыздың 6 себебі

Бірінші себеп. Тұрғындардың көп­шілігі жеңілдік кезеңін 1 шілдеге дейін төлемдерді төлеуден босату ре­тін­де қабылдап, төлеуді тоқтатты. Негі­зінде, жеңілдік кезеңі халықтың осы аралықта МӘМС жүйесіндегі мәртебесін анықтап алуы үшін арнайы жасалды. Нәтижесінде, алғашқы алты айда жарна төленбеген немесе ішінара төленген болуы мүмкін, ал МӘМС пакетіндегі медициналық көмек осы кезеңде бар­лығына тегін қолжетімді болды.

Не істеу керек? Алдымен өз төлемде­ріңіздің айларға бөлінген үзіндісін алу қажет. Егер жеке кәсіпкер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс істейтін қызметкер, өзін-өзі жұмыспен қамтушы немесе дербес төлеуші болсаңыз, онда сізде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап санағанда 8 айға жарна төленуі керек. Егер жалдамалы жұмыскер болсаңыз, соңғы 12 айға аударым болуы тиіс. Егер бір немесе бірнеше ай үшін аударымдар болмаса, төлем жасалмаған ай үшін төлем жүргізу керек немесе жұмыс берушіге барып, аударым қарызын өтеуді сұрау керек. Еске сала кетейік, жарналарды уақытылы төлемейтін ЖК мен жұмыс берушілер үшін әрбір мерзімі өткен күн үшін, төлем күнін қоса алғанда, берешек сомасының 1,25% мөлшерінде айыппұлдар мен өсімпұлдар қарастырылған. Егер жарналар мен аударымдар бойынша олқылықтар болмаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 1406 нөмірі бойынша хабарласу керек немесе телеграмм ботта өтініш қалдыру қажет. Сіздің өтінішіңіз жеке қаралады.

Екінші себеп. 42500 теңге біржолғы кө­мек төленуіне байланысты, тұрғын­дардың көпшілігі сәуір-мамыр айла­рында бірыңғай жиынтық төлем төлей бастады. Осылайша, олар өзін-өзі жұ­мыспен қамтыған азаматтар санатына жатқызылды. Айта кетейік, бірыңғай жиынтық төлемнің, яғни 2 626 теңгенің тек 40%-ы немесе 1,1 мың теңгесі мін­детті әлеуметтік медициналық сақ­тан­­дыруға жұмсалады, қалғандары мем­лекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ), зейнетақы қоры мен салық төлемдеріне бөлінеді.

Бірыңғай жиынтық төлем міндетті төлемдерге, оның ішінде бюджетке бай­ланысты төрт мәселені бірден шеш­се де, көп адамдар оны төлеуді жалғас­тырмауды жөн санады. Сонымен қатар «бір реттік» төлеушілердің көпшілігі бұл төлем оларға алдын-ала бір жыл үшін сақтандыру мәртебесін береді деп ойлады. Бұл олай емес. Бірыңғай жиынтық төлемді ай сайын және тұрақты, үзіліссіз төлеу қажет. Егер осы сегіз ай ішінде тек бір рет немесе екі рет қана төлесеңіз, бұл Қорға қарыз ретінде қарастырылады.

Не істеу керек? Алдыңғы айлар үшін жарна төлейтін аралықты көрсете оты­рып, дербес төлеуші ретінде 2125 теңге мөлшерінде жеке төлемдер төлеу қажет. Сіз жарнаны «Азаматтарға ар­нал­ған үкімет» мемлекеттік корпо­ра­­циясының банк шотына қолма-қол ақшамен де, банк аударымы арқылы да, екінші деңгейдегі банктердің немесе «Қазпошта» бөлімшелерінің кассалары арқылы, сондай-ақ Qiwi және Kassa24 терминалдары, Халық банкінің терминалдары және Kaspi.kz мобильдік қосымшасы арқылы төлей аласыз. ЕДБ кассалары арқылы төлеу үшін дерек­темелерді ӘМСҚ www.fms.kz. сайтынан білуге болады.

Үшінші себеп. Жұмыс беруші ка­рантин шараларына байланысты қызмет­керлерді уақытша жалақысыз демалысқа жіберу туралы шешім қабылдады, сәй­кесінше міндетті медициналық сақтан­дыру бойынша аударымдарды тоқтатты. Айтар болсақ, қазіргі уақытта шамамен 4,5 млн адам жарналарды өздері төлемейді, олар үшін жұмыс беруші төлем жасайды.

Не істеу керек? Еске сала кетейік, 20 сәуірден бастап ірі бизнес өз қызмет­кер­лері үшін 1 шілдеге дейін, шағын және орта бизнес 1 қазанға дейін 29 қызмет бағыты бойынша аударымдар төлеуден толық босатылды. Осы кәсіп­орындардың қызметкерлері олар үшін аударымдар түскеніне немесе түс­пегеніне қарамастан, осы кезеңге дейін сақтандырылған болып саналады.

Егер сіз міндетті медициналық сақ­тан­дыру төлемдерінен босатылған компанияда 1 қазанға дейін жұмыс істесеңіз де өзіңіздің сақтандырылған мәртебеңіз жоқтығын білсеңіз, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз да, «ШОБ қызметкерлері үшін» қосымша бетін ашып, ұйымыңыздың БСН көрсетіңіз, лауазымға тағайындау туралы бұйрықты жүктеп, сұраныс жіберіңіз. Ол 30 минут ішінде өңделеді. Егер Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша БСН МӘМС төлеуден босатылғандар тізіміне енсе, онда азаматқа 1 күнтізбелік айға сақтандырылған мәртебесі беріледі. Осы уақыт ішінде оның жұмыс берушісі тізімді жаңартуы керек. Ол үшін сіз Мемлекеттік кірістер комитетінің веб-сайтына кіріп, арнайы сілтемені немесе www.msb.fms.kz сілтемесін қарап, ЭЦҚ қолдана отырып, өз қызметкерлеріңіздің деректерін жүктеуіңіз қажет. Атап айт­қанда, тізімдерді ай сайын жаңартып отыру керек.

Төртінші себеп. Сіз жұмыссыз қал­дыңыз және МӘМС үшін жарна төлеуге еш мүмкіндігіңіз жоқ.

Не істеу керек? Естеріңізге сала ке­тейік, мемлекет МӘМС жүйесінің не­гізгі – ынтымақтастық қағидатын ұс­та­нады және халықтың әлеуметтік әл­сіз топтарынан 11 млн азамат үшін жар­на аударады. Бұл – 15 жеңілдік сан­а­тындағы азаматтар, оның ішінде бала­лар, студенттер, көпбалалы аналар, жүк­ті әйелдер және жұмыссыздар бар. Сондықтан егер жұмыссыз қалсаңыз және қазіргі уақытта ӘМСҚ-ға жарна төлей алмасаңыз, жергілікті атқарушы орган жанындағы жұмыспен қамту орталығына барып, жұмыссыз ретінде ресми түрде тіркелуіңіз керек. Сонда сіздің мәртебеңіз келесі айдан бастап автоматты түрде «сақтандырылған» болып өзгереді.

Бесінші себеп. Сіз азаматтардың 15 же­ңілдік санатының біріне жатасыз, бірақ бұл туралы білмейсіз. Біраз уақыт жарна төлейсіз, содан кейін объек­тивті себептермен тоқтатасыз. Мемле­кет сіз үшін жарна төлей алмайды, өйткені сіздің мәртебеңіз автоматты түрде тәуелсіз төлеуші немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам болып өзгерді.

Не істеу керек? Сіз өзіңіздің меди­ци­налық ұйымыңыздың Пациентті қол­дау қызметіне жүгінуіңіз керек, онда қызметкерлер әр жағдайда маршрутты жеке түсіндіреді. Сондай-ақ Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы өті­ніш қалдыруға, 1406 медициналық сақ­тандыру қорының байланыс орталығына немесе Қордың қалалық филиалына қоңырау шалуға болады.

Алтыншы себеп. Жарналар мен ауда­рымдарды төлеу кезінде қате көрсе­тілген деректер, не жеткіліксіз сома болуы мүмкін.

Не істеу керек? Сіз «Азаматтарға ар­налған үкімет» мемлекеттік корпорациясына хабарласып, төлем туралы түбіртектеріңізді ұсынуыңыз керек. Содан кейін қаражатты қайтаруға өтініш жазыңыз және қарыз болған айлар үшін жарналарды қайта төлеңіз.

Есіңізде болсын, егер сіз сақтан­ды­рылмаған болсаңыз да, сіз мемлекет ке­пілдік берген тегін медициналық көмек пакетінде медициналық көмек аласыз. Учаскелік дәрігер, педиатр, жалпы практика дәрігері мамандарының қабылдауы, дәрігерді үйге шақыру, жедел жәрдем, емхана мен стационар деңгейіндегі шұғыл көмек, әлеуметтік маңызы бар, жұқпалы ауруларды, онкологиялық ауруларды емдеу осы пакетке кіреді және сақтандырылған мәртебесіне қарамастан азаматтардың барлығына көрсетіледі.

 

 

Соңғы жаңалықтар