Көкшетау мен Қараөткелдің жалпақ даласында биылғы жаз сәл ғана әсірелеп айтқанда, қара қарғаның миы қайнайтындай ыстық болып тұр. Аптап ыстықта апат та аз емес. Мәселен, облыста жыл басынан бері 48 мың гектардан астам алқапта орман өрті орын алды. Қурап қалған қау шөптің тұтануынан 51 дала өрті оқиғасы тіркелді.
Табиғаттың тақсіреті – адамнан. Сәл сарғыш тартып, шөп буыны бекіген, ылғал азайған осы бір сәт өте қауіпті. Бейқамдықтың бейнетін бейкүнә табиғат та көтеріп тұр. Орман өртінің басым бөлігі табиғаты тамылжыған Бурабай ауданына тиесілі. Мәңгі жасыл қарағайлар мен қолдың саласындай аққайыңдардың жалаңдаған қызыл өрттің көмейінде шырқырай-шырылдап өртеніп кетуі жаныңды ауыртады-ақ. Туристік аймақта биылғы жазда үлкенді-кішілі 14 орман өрті тіркелді. Табиғатқа орны толмас зиян келтірілді. Ақкөл ауданындағы табиғат та осындай апаттың салдарынан зардап шегуде.
Ал қау шөптің жазатайым тұтануы, дала өртіне айналуы жайына келетін болсақ, бұл орайда Ерейментау ауданы көш бастап тұр. Жыл басынан бері 11 дерек тіркелген.
– Мойны қашық елді мекендерде өрт сөндіру бекеттері болмауы қиындық туғызып келді. Өрт орын ала қалған жағдайда дер уақытында жете алмау апаттың ұлғайып кетуіне себепші, – дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Қанат Доспаев.
Көңілге бір демеуі, олқы түсіп жатқан осы іс соңғы уақытта оң сипатқа ие болуда. Жергілікті билік органдары мен табиғатқа жанашыр кәсіпкерлер шалғайдағы елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін ашуға жұмылдырылған. Осы орайда 30 бекеттің ашылғанын айта кетуге болады. Айтып келмейтін апатпен күресуге тәп-тәуір қолғабыс тигізбек. Оған қоса құрамында бір мыңнан аса ерікті бар екі жүздей жасақ құрылған. Ең бастысы, өрттің алдын алу мақсатында рейдтер ұйымдастыру жиілеген.
Тамыз айында да ыстықтың беті қайта қоймайды деген болжам бар. Егер карантин ашыла қалса демалушылар легі үдей түспек. Бейқамдықтан сөндірілмей тастаған темекінің бір тұқылы да жарты әлемді жусатып түсіретін өртке себеп болмақ. Дұрыс сөндірілмеген жерошақ та қауіпті. Демек, осы кезде қырағылықты күшейткен жөн. Жалғыз төтенше жағдай қызметкерлері ғана емес, табиғаттың тылсым құшағын аңсап келгендер де абай болса екен дейміз. Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері 15 мобильді топ құрып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Әйтсе де, әркімнің өз көкірегінде жауапкершілік сезімі болғанға не жетсін?!
Ақмола облысы
Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 23:55
Хоккей • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Құрманжан датқа» қандай фильм?
Руханият • Кеше
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Кеше
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Кеше
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Кеше
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Кеше
Теннис • Кеше
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Кеше
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Кеше
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Кеше
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Кеше
Ұқсас жаңалықтар