Аймақтар • 11 Тамыз, 2020

Түн тыныштығын бұзатындардың алтауы айыппұл тартты

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы аптап ыстық халықты түнде терезелерді ашып қойып ұйықтауға мәжбүр қылуда. Таңертең жұмысқа баратын адамдар, балалар мен қарттар да түн тыныштығын қажет етеді. Алайда екі дөңгелекті көлігімен жарысқа түсетін есерлер түн тыныштығын бұзып, халыққа зардап шектіруде. Полицияға түскен сондай дабылдардың көбейіп кетуіне байланысты Жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтау және мотокөлік құралдарын қауіпсіз жүргізу бойынша республикалық рейдтер жүргізілді. Соның нәтижесінде Петропавлда екі доңғалақты көліктің 6 иесіне айыппұл салынды.

Түн тыныштығын бұзатындардың алтауы айыппұл тартты

Сонымен бірге Н.Назарбаев және К. Сүтішев көшелерінің қиылысында Петропавл қиылысында 20 жасар тұрғыны жүргізіп бара жатқан ВАЗ-2112 автомашинасы тоқтатылды. Түн тыныштығын бұзуға құштар жәдігөй машинасының шуды азайтатын тетігін алып тастап, көлігін қатты айдаған. Оған қатысты да материал толтырылып, айыппұл салынатын болды.  

"Мұндай бұзушылықтардың басым бөлігі облыс аудандарында анықталды. Ауыл тұрғындары мотоциклдарды тіркемей, тиісті жүргізушілік куәлігінсіз, ешбір құжатсыз оны айдап жүрген. тізгіндеп жатады. Мұндай 47 факті анықталды. Тағы 36 адам шлемсіз жүргендері үшін жауапқа тартылды", - дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаев.

Сонымен бірге рейд барысында екі тәулік ішінде облыс жолдарында 110 құқық бұзушылық анықталды.

Солтүстік Қазақстан облысы