Суреттерде байқағандай, оларға медициналық бетпердені тағып жүру міндеттелмеген. Тек сыныптарына бара жатқанда ғана тағып алған.
Англияның Денсаулық сақтау министрі Эдвард Аргар білім алушыларға бетперде тағып жүру аса қатты міндеттелмегенін және ата-аналарға ұйымға салынбай, керісінше балаларының мектеп қабырғасында барлық сақтық шаралары қамтамасыз етілгенін нақтылады.
Бетперде бойынша: "Осы тұрғыда Білім беру басқармасы толық түсінік берген сияқты. Себебі білім алып, оқыту барысында оқушыларға және мұғалімдерге қиындықтар туғызады", дейді Денсаулық министрі.
Кейбір мектептің кәсіподақ ұйымдары бұл шешімге наразылықтарын білдірді. Бірақ, ұстаздар қауымы оқушылардың бетперде тағып жүруін талап етсе, оны іске асыруға болатынын да айтып өтті.
Еске сала кетейік, Англияның Мектеп хатшысы Ник Гибб үкіметтің алдағы қыркүйек айында барлық оқушыларды ағылшын мектептеріне қайтаруға "нақты ниеті" бар екенін мәлімдеген еді.